Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 539 бұйрығының күші жойылды деп танылсын - (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18121 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 Бұйрыққа қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған орамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған орамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу тәртібін айқындайды.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі - оператор) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан жасалған орамаларды (бұдан әрі – орамалар) өндірушілердің (импорттаушылардың) (бұдан әрі – орамалардың өндірушілері (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемі түрінде енгізілген ақшалай қаражаттын "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі - өндірушілер) өтейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 06.09.2024 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Оператор өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізгенін растайтын құжаттарды есепке алуды, сондай-ақ осы орамаларды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін пайдаланған өндірушілердің өтемақы алуын жүзеге асырады.
4. Өндірушілер өтемақы алу үшін операторға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы алуға арналған өтінішті;
2 ) "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына сәйкес берілген ораманы өндіру (импорттау) үшін кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат;
3) ораманы өндірушілер (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемін енгізген ораманы сатып алғанын растайтын құжаттарды:
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттері қолданылатын және кәдеге жарату төлемін енгізу туралы куәлік берілген өнімдерді (тауарларды) өндірушілерден (импорттаушылардан) ораманы сатып алуға жүкқұжаттарды;
ораманы өндірістен шығару актісін;
дайын өнім қоймасында (қоймаларында) әлеуметтік маңызы бар қапталған тауарлардың кіріске жатқызылуын растайтын құжаттарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей береді.
5. Ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуге байланысты шығыстарының өтемақысы өндірушілерге осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде төленеді.
6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылған тоқсан өндірушілердің оператордан өтемақы алуы мақсатында есепті кезең болып табылады.
7. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор олардың тексерілуін жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, оператор осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттарды қайтара отырып, жазбаша түрде қараудан дәлелді бас тартуды береді.
Оператордың ескертулері жойылғаннан кейін өндірушілер күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтемақы алуға қайта өтініш береді.
8. Құжаттарда анық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда оператор өтемақы төлеуден бас тартады.
9. Оператор шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтемақы беру бойынша оң шешім не оны беруден уәжді бас тарту туралы қабылданған туралы өндірушілерді жазбаша (электрондық) нысанда хабардар етеді.
10. Өтемақы төлеу өндірушілердің банктік шотына есепті тоқсаннан кейінгі тоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
ӨТІНІШ
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылуына байланысты ораманың өндірісі (импорты) үшін енгізілген төлемге байланысты шығыстардың өтемақысын беруді өтінемін.
Өтінішке мынада құжаттарды:
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________ қоса беремін.
Өтініш берушінің мүдделерін білдіру үшін негіздер _____________
___________________ Т.А.Ә (болған жағдайда) ___________________
(қолы) Лауазымы _________________
20 __ жылғы "___" ____________