Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.03.2022 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшартты жасасу және орындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариалануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1254 Бұйрықпен бекітілген |
Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшартты жасасу және орындау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының (бұдан әрі – Қор) ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшарт жасасу және оны орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшартты жасасу және орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үмітті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), консорциум;
2) офтейк-келісімшарт – құны, саны (көлемі) және беру мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен өнім беруші болашақта өндіруді және оны беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырған тауарды беруге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;
3) сатып алу веб-порталы (бұдан әрі-веб – портал) – Заңға және сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық форматта сатып алуды өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
4) тапсырыс берушілер – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар;
5) тауарлар – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
6) электрондық құжат – электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
7) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Офтейк-келісімшартты жасасу тәртібі
3. Офтейк-келісімшарт құны, саны (көлемі) және беру мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен өнім беруші болашақта өндіруді және оны беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырған тауарды беруге веб-портал арқылы жасалады.
4. Тапсырыс беруші Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша веб-портал арқылы ұсынылған коммерциялық ұсыныстардың негізінде және (немесе) тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша онымен веб-портал арқылы офтейк-келісімшарт жасасады.
5. Коммерциялық ұсыныстар жеткізілетін тауарлардың сипаттамалары сипатталған прайс-парақтар және растайтын құжаттар түрінде ұсынылады.
6. Коммерциялық ұсыныстар тапсырыс берушінің сұратуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша веб-портал арқылы ұсынылады.
7. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған офтейк-келісімшарттың жобасын жібереді.
Офтейк-келісімшарт жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап (5) бес жұмыс күні ішінде қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады).
Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап (2) екі жұмыс күні ішінде офтейк-келісімшарттың жобасына қол қоймаған жағдайда, тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген офтейк-келісімшарттың жобасын кері қайтарып алады.
8. Тапсырыс беруші офтейк-келісімшарт жасалған күннен бастап (10) он жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда сатып алу туралы есепті орналастырады.
Есеп өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған офтейк-келісімшарттың бағалары, сондай-ақ Заңның 2-бабының 15) тармағына сәйкес бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өзге де шарттарды қамтиды.
9. Офтейк-келісімшарт 36 (отыз алты) айдан астам мерзімге жасалады.
10. Офтейк-келісімшарт мынадай ақпаратты:
тауарлардың толық техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетілген атауын;
тауарды жеткізу орны, шарттары мен мерзімдерін;
жиынтық және заттай баламада келісім-шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне жеткізу көлемдерін;
тауар сапасына кепілдік берудің кепілдік мерзіміне және (немесе) көлеміне, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, тауарды монтаждауды және реттеуді жүзеге асырудың міндеттілігі туралы, тауарды пайдалануды және оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаларды оқытуға қойылатын талаптарды қамтиды.
11. Жасалған офтейк-келісімшартқа өзгерістер тапсырыс беруші мен өнім берушінің өзара келісімі бойынша енгізіледі.
12. Банктік қарыз алынғанда жасалған офтейк-келісімшартқа өзгерістер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
13. Офтейк-келісімшарттың қолданылу мерзімі офтейк-келісімшартта көрсетілген талаптармен айқындалады.
14. Өнім беруші офтейк-келісімшарттың талаптарына сәйкес келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде ұлғайтуға жатпайтын баға бойынша тауарды жеткізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Офтейк-келісімшартты орындау тәртібі
15. Офтейк-келісімшартты орындау кезінде тауарлардың атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, жеткізу орны мен мерзімдері офтейк-келісімшарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
16. Офтейк-келісімшартты орындау туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
17. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген офтейк-келісімшарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда офтейк-келісімшарт орындалған болып есептеледі.