Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25656 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 483 Бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке", мыналар жатады:

      1) бекіре тұқымдас балық түрлерін жасанды жолмен молайту;

      2) балық өсіру материалын өткізу;

      3) бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын, өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдері алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу.


Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 декабря 2021 года № 483. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 декабря 2021 года № 25656.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 193 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемый Перечень видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 3 декабря 2021 года № 483

Перечень видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      К деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира в соответствии с пунктом 1-1 статьи 11-1 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", относятся:

      1) искусственное воспроизводство осетровых видов рыб;

      2) реализация рыбопосадочного материала;

      3) реализация особей осетровых видов рыб в живом виде, после изъятия из них половых продуктов в воспроизводственных целях.

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 15.06.2023 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).