Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 483 Бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке", мыналар жатады:
1) бекіре тұқымдас балық түрлерін жасанды жолмен молайту;
2) балық өсіру материалын өткізу;
3) бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын, өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдері алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу.