"Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 29 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 103 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25935 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 62 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22218 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарда, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін (бұдан әрі – басқарушылар тізілімі) жүргізеді және ай сайын өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін инвестициялық портфельді басқарушы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Талаптардың осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, меншікті капиталдың мөлшері кемінде 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгені құрайды;

      2) Талаптардың осы тармағының төртінші бөлігінде белгіленген тәртіппен есептелген, басқарушылар тізіліміне енгізілген күннің алдындағы соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде кемінде 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге сомасында инвестициялық портфельді басқару тәжірибесінің болуы;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен расталған, қызметінің зиян шеккен фактілерінің болмауы;

      4) басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 6 (алты) айдың ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;

      5) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) оның ірі қатысушысына қатысты қолданған, орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының, санкциялардың, әкімшілік өндіріп алулардың және өзге де ықпал ету шараларының болмауы;

      6) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі ертерек ден қою шараларын және (немесе) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын көздейтін орындалмаған іс-шаралар жоспарларының болмауы;

      7) инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын акционерінің болуы;

      8) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілелерге қатысу фактілерінің басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 12 (он екі) айдың ішінде болмауы;

      9) инвестициялық портфельді басқарушының басқарушылар тізіліміне енгізілген күннен бастап қадағалап ден қою шараларын қолдану негіздерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймау фактілерінің болмауы;

      10) басқарушылардың тізіліміне енгізген күннен бастап инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілелерді жасау фактілерінің болмауы.

      Егер инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған жағдайда, зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бойынша инвестициялық портфельді басқарушы қабылдаған зейнетақы активтерінің көлемі инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының 10 (он) еселенген мөлшерінен аспайды.

      Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаттары үшін уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушыны басқарушылардың тізіліміне енгізген күннің алдындағы 36 (отыз алты) айдан әрқайсысының соңындағы жағдай бойынша үлестес емес клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы активтері құнының орташа арифметикалық мәні (қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің құнын, акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін және дебиторлық берешек сомаларын қоспағанда) есепке алынады.

      Инвестициялық портфельді басқарушыны басқарушылар тізілімінен алып тастау зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу үшін негіз болып табылады.".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 15 февраля 2021 года № 29 "Об утверждении Требований к управляющим инвестиционным портфелем, которым могут быть переданы в доверительное управление пенсионные активы, а также перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет данных пенсионных активов, и внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 10 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 13 декабря 2021 года № 103. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 декабря 2021 года № 25935. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 июня 2023 года № 62.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 26.06.2023 № 62 (вводится в действие с 01.07.2023).

      В соответствии с подпунктом 1-3) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 15 февраля 2021 года № 29 "Об утверждении Требований к управляющим инвестиционным портфелем, которым могут быть переданы в доверительное управление пенсионные активы, а также перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет данных пенсионных активов, и внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 10 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по управлению инвестиционным портфелем" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22218) следующее изменение:

      в Требованиях к управляющим инвестиционным портфелем, которым могут быть переданы в доверительное управление пенсионные активы, а также перечне финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет данных пенсионных активов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Уполномоченный орган ведет и ежемесячно размещает на своем интернет-ресурсе реестр управляющих инвестиционным портфелем, соответствующих требованиям, установленным частью второй настоящего пункта Требований для осуществления управления пенсионными активами (далее – реестр управляющих).

      Для осуществления управления пенсионными активами управляющий инвестиционным портфелем должен соответствовать следующим требованиям:

      1) размер собственного капитала составляет не менее 3 000 000 000 (трех миллиардов) тенге, с учетом условий, установленных частью третьей настоящего пункта Требований;

      2) наличие опыта управления инвестиционным портфелем в течение последних 36 (тридцати шести) месяцев, предшествующих дате включения в реестр управляющих, в сумме не менее 5 000 000 000 (пяти миллиардов) тенге, рассчитанной в порядке, установленном частью четвертой настоящего пункта Требований;

      3) отсутствие фактов убыточной деятельности управляющего инвестиционным портфелем по результатам каждого из 2 (двух) последних завершенных финансовых лет, предшествующих дате включения в реестр управляющих, подтвержденных аудиторским отчетом;

      4) отсутствие фактов нарушения пруденциальных нормативов, установленных уполномоченным органом, в течение последних 6 (шести) месяцев, предшествующих дате включения в реестр управляющих;

      5) отсутствие на дату включения в реестр управляющих неисполненных и (или) действующих мер надзорного реагирования, санкций, административных взысканий и иных мер воздействия, примененных уполномоченным органом в отношении управляющего инвестиционным портфелем и (или) его крупного участника;

      6) отсутствие на дату включения в реестр управляющих неисполненных планов мероприятий, предусматривающих меры раннего реагирования по повышению финансовой устойчивости управляющего инвестиционным портфелем и (или) меры по улучшению финансового состояния и (или) минимизации рисков;

      7) наличие у управляющего инвестиционным портфелем акционера, владеющего (имеющего возможность голосовать) десятью или более процентами голосующих акций управляющего инвестиционным портфелем и являющегося резидентом Республики Казахстан;

      8) отсутствие на дату включения в реестр управляющих фактов участия управляющего инвестиционным портфелем и (или) его руководящих работников в сделках, признанных как совершенных в целях манипулирования на рынке ценных бумаг, в течение последних 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате включения в реестр управляющих;

      9) отсутствие с даты включения в реестр управляющих фактов неустранения управляющим инвестиционным портфелем оснований применения мер надзорного реагирования в сроки, установленные уполномоченным органом;

      10) отсутствие с даты включения в реестр управляющих фактов совершения управляющим инвестиционным портфелем и (или) его руководящими работниками сделок, признанных как совершенных в целях манипулирования на рынке ценных бумаг.

      В случае, если собственный капитал управляющего инвестиционным портфелем составляет менее 5 000 000 000 (пяти миллиардов) тенге, объем пенсионных активов, принятых управляющим инвестиционным портфелем по договору о доверительном управлении пенсионными активами, не превышает 10 (десяти) кратного размера собственного капитала управляющего инвестиционным портфелем.

      Для целей подпункта 2) части второй настоящего пункта Требований в расчет принимается среднее арифметическое значение стоимости активов неаффилированных клиентов (за исключением стоимости иного помимо финансовых инструментов имущества, долей участия в уставных капиталах юридических лиц, не являющихся акционерными обществами, и сумм дебиторской задолженности), которые находились в инвестиционном управлении управляющего инвестиционным портфелем по состоянию на конец последнего календарного дня каждого из 36 (тридцати шести) месяцев, предшествующих дате включения уполномоченным органом управляющего инвестиционным портфелем в реестр управляющих.

      Исключение управляющего инвестиционным портфелем из реестра управляющих является основанием для расторжения договора о доверительном управлении пенсионными активами.".

      2. Департаменту рынка ценных бумаг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Национальный Банк
Республики Казахстан