Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 640-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26005 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 640-НҚ бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6396 болып тіркелген).

      2. "Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14302 болып тіркелген).

      3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 90-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20477 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 22 декабря 2021 года № 640-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 декабря 2021 года № 26005

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы по перечню согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра торговли
и интеграции
Республики Казахстан
от 22 декабря 2021 года
№ 640-НҚ

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 "Об утверждении Правил осуществления электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, выданных сертификатах соответствия, об отказах в сертификации и их передачи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6396).

      2. Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 августа 2016 года № 633 "О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 19 июля 2010 года № 169 "Об утверждении Правил ведения электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, заявлениях-декларациях, выданных сертификатах соответствия, об уклонении заявителей, зарегистрировавших заявления-декларации, от проведения работ по подтверждению соответствия, и об отказах в сертификации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14302).

      3. Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 23 апреля 2020 года № 90-НҚ "Об утверждении перечня открытых данных, размещаемых на интернет-портале открытых данных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20477).