Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 22.12.2021 № 640-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Стратегия және цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 90-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
№ | Ашық деректер жинағының атауы | Өзектілендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөзі (ашық деректер интернет-порталы АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі аркылы) | Жауапты құрылымдық бөлімше |
1. | ILAC сынақ зертханаларының тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
2. | Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін растау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
3. | Еуразиялық экономикалық одақтың сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
4. | Сынақ зертханаларының тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
5. | Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
6. | Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдардың тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
7. | Тексеру зертханасының тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
8. | Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органдардың тізбесі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
9. | Сарапшы аудиторлар тізілімі | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Техникалық реттеу және метрология комитеті |
10. | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші елдерге қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары | жарты жылда бір рет | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Сыртқы сауда қызметі департаменті |
11. | Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті жүргізетін үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары | жарты жылда бір рет | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Сыртқы сауда қызметі департаменті |
12. | Еуразиялық экономикалық комиссия органдарының Еуразиялық экономикалық одағының импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін өзгерту бойынша қабылдаған шешімдері | тоқсан сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Сыртқы сауда қызметі департаменті |
13. | Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына берілген лицензиялар тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Ішкі сауда департаменті |
14. | Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиялар тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Ішкі сауда департаменті |
15. | Тауар биржалары саласында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялар тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Ішкі сауда департаменті |
16. | Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға берілген рұқсаттар тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Ішкі сауда департаменті |
17. | Қазақстанның экспорттық өнімдерінің тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Экспортты ілгерілету департаменті |
18. | Қазақстан экспортшылары тауар өндірушілерінің тізбесі | жыл сайын | есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-а дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Экспортты ілгерілету департаменті |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
API жүйесі – бағдарламалық қосымшаның интерфейсі.