"Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-01-38.46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26013 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының назарына жеткізілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Е. Қошанов

  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі
Басшысының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 21-01-38.46 бұйрығына
1-Қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі
Басшысының
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 20-01-38.3 бұйрығына
1-Қосымша

Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу ӘДІСТЕМЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме жалпы ережелерді, қағидаттарды, дереккөздерді, ақпаратты жинау мен қалыптастыруды, сондай-ақ жалпы елдегі прогресс индексін жыл сайынғы бағалауды есептеу әдісін белгілейді.

      3. Жалпы елдегі прогресс индексін есептеудің мақсаты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше елдерге қатысты Қазақстан Республикасының белгілі бір кезең ішіндегі даму прогресін, сондай-ақ базалық жылға қатысты Қазақстан Республикасының белгілі бір кезең ішіндегі даму прогресін бағалау болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) прогресс индексі – көрсеткішке нақты қол жеткізудегі өзгерістің серпінін сипаттайтын сандық өлшенетін көрсеткіш;

      2) көрсеткіштің оң серпіні – көрсеткіштің ең жоғары мәні рейтингтегі ең жоғары позицияға сәйкес келеді (оң көрсеткіш);

      3) көрсеткіштің теріс серпіні – көрсеткіштің ең жоғары мәні рейтингтегі ең төменгі позицияға сәйкес келеді (теріс көрсеткіш);

      4) индекстердің шекті жол берілетін мәндері – егер есептеу нәтижесінде индекстің мәні 0 (нөлден) аз болған жағдайда, онда мемлекеттік органдар үшін есепке индекстің ең төменгі жол берілетін мәні – 0 (нөл) пайдаланылады; егер индекстің мәні 200-ден (екі жүзден) асқан жағдайда, онда мемлекеттік органдар үшін есепке индекстің ең жоғары жол берілетін мәні – 200 (екі жүз) пайдаланылады;

      5) базалық жыл – есепті болып табылатын кейінгі жылдардың, кезеңдердің есептік көрсеткіштерін салыстыру үшін келтірілетін жыл, кезең.

      5. Жалпы елдегі прогресс индексін есептеудің негізгі қағидаттары:

      1) заңдылық қағидаты – бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргізу;

      2) объективтілік қағидаты – жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

      3) анықтық қағидаты – бағалаудың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау;

      4) ашықтық қағидаты – ақпарат көздерінің шыққан жерін тексеру мүмкіндігі болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу нәтижелілікті бағалаудың бір бөлігі болып табылады және оны Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымын (бұдан әрі – Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) тарта отырып әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

      7. Жалпы елдегі прогресс индексін есептеу ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда халықаралық рейтингтердің нәтижелері бойынша, сондай-ақ базалық жылға қатысты Қазақстан Республикасының белгілі бір кезең ішіндегі даму прогресін айқындау бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жүргізу кезінде қажетті ұлттық және халықаралық деректер болмаған жағдайда, өткен кезеңдегі мәндері қолданылады.

2-тарау. Жалпы елдегі индексті есептеу үшін ақпарат көздері, оны жинау мен қалыптастыру

      9. Ұлттық және халықаралық көрсеткіштер бойынша деректерді жинау мен қалыптастыруды Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.

      10. Жалпы елдегі прогресс индексіне есептеу жүргізу үшін ақпарат көздері ресми статистикалық ақпарат, әкімшілік деректер, халықаралық рейтингтердің, қаржы институттарының, мемлекетаралық бірлестіктердің және басқа да зерттеу құрылымдарының (болған жағдайда) көрсеткіштері болып табылады.

3-тарау. ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдісі

      11. ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу сандық (статистикалық) көрсеткіштерге негізделеді және мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) есепті кезеңдегі әрбір көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ елдері үшін орташа арифметикалық мәні есептеледі;

      2) ЭЫДҰ елдері үшін орташа арифметикалық мәнмен (100 деп алынады) Қазақстан Республикасы қол жеткізген мәнге салыстыру жүргізіледі;

      3) есепті кезеңде Қазақстан Республикасы қол жеткізген барлық көрсеткіш бойынша индекстердің орташа арифметикалық мәні есептеледі.

      12. ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      W – барлық көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі;

      Qi – i оң көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі;

      Ri – i теріс көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі;

      m – көрсеткіштер саны;

      мемлекеттік органның i көрсеткіші – белгілі бір көрсеткіштің мәні.

      i оң көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      qi,kz – есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      qi,oecd – есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің і оң көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші.

      ЭЫДҰ елдерінің і оң көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      qi,oecd – есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің әрбірінің і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      n – ЭЫДҰ елдерінің саны.

      і теріс көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ri,oecd – есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің і теріс көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші;

      ri,kz – есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      ЭЫДҰ елдерінің і теріс көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ri,oekd – есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің әрбірінің і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      W ЭЫДҰ елдерінің орташаланған даму көрсеткішіне қатысты Қазақстан Республикасының позициясын сипаттайды. Сәйкесінше, W 100%-ға неғұрлым жақын болса, Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресі соғұрлым жоғары және ЭЫДҰ елдерінен артта қалуы аз болып келеді.

4-тарау. Базалық кезеңге қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдісі

      13. Базалық жылға қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу сандық (статистикалық) көрсеткіштерге негізделеді және мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) есепті кезеңдегі әрбір көрсеткіш бойынша базалық жылдың мәнімен (100 деп алынады) Қазақстан Республикасы үшін мәнге (индекске) салыстыру жүргізіледі;

      2) есепті кезеңде Қазақстан Республикасы қол жеткізген барлық индикатор бойынша индекстердің орташа арифметикалық мәні табылады.

      14. Жалпы елдегі прогресс индексіне бағалау жүргізу үшін базалық кезең 2016 жыл болып табылады.

      15. Базалық кезеңге қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      U‒ базалық кезеңге қатысты барлық көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі;

      Si‒ i оң көрсеткішінің базалық кезеңіне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі;

      Vi ‒ i теріс көрсеткішінің базалық кезеңіне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі.

      Неғұрлым жоғары U мәні Қазақстан Республикасының базалық бағалау кезеңге қатысты соғұрлым жоғары даму деңгейін көрсетеді.

      16. i оң көрсеткішінің базалық кезеңіне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Si,t ‒ есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      Si,base ‒ базалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының і оң көрсеткішінің көрсеткіші.

      17. i теріс көрсеткіштің базалық кезеңіне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Vi ‒ і теріс көрсеткіштің базалық кезеңіне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексі;


‒ t есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і теріс көрсеткішінің көрсеткіші;

‒ базалық кезең ішіндегі Қазақстан Республикасының і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      ––––––––––––––––––––––––––––––––

  Қазақстан Республикасы
  Президенті Әкімшілігі Басшысының
  2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 21-01-38.46 бұйрығына
2-Қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі
Басшысының
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№ 20-01-38.3 бұйрығына
2-Қосымша

Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу ӘДІСТЕМЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме бағаланатын орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің нәтижелілігін жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрі – нәтижелілікті бағалау) жалпы ережелерін, қағидаттарын, ақпарат көздерін, ақпаратты жинау мен қалыптастыруды, сондай-ақ есептеу әдісін белгілейді.

      3. Нәтижелілікті бағалау орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қызметінің қорытындылары бойынша қалыптастырылады.

      4. Нәтижелілікті бағалаудың мақсаты мемлекеттік органның және тиісінше оның басшылығының бекітілген қызмет бағыттары бойынша жұмысының тиімділігін айқындау болып табылады.

      5. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) қызмет нәтижелілігінің индексі – нақты қол жеткізілген нәтижелердің сандық өлшенетін көрсеткіші / нақты көрсеткіштерге қол жеткізудегі өзгерістің серпінін сипаттайтын сандық өлшенетін көрсеткіш;

      2) көрсеткіштің оң серпіні – көрсеткіштің неғұрлым жоғары мәні рейтингте соғұрлым жоғары позицияға сәйкес келеді (оң көрсеткіш);

      3) көрсеткіштің теріс серпіні – көрсеткіштің неғұрлым жоғары мәні рейтингте соғұрлым төмен позицияға сәйкес келеді (теріс көрсеткіш);

      4) индекстердің шекті жол берілетін мәндері – егер есептеу нәтижесінде индекстің мәні 0-ден (нөлден) аз болған жағдайда, онда мемлекеттік органдар үшін есепке индекстің ең төмен жол берілетін мәні – 0 (нөл) алынады; егер индекстің мәні 200-ден (екі жүзден) асқан жағдайда, онда мемлекеттік органдар үшін есепке индекстің ең жоғары жол берілетін мәні – 200 (екі жүз) алынады.

      6. Нәтижелілікті бағалаудың негізгі қағидаттары:

      1) заңдылық қағидаты – бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес жүргізу;

      2) объективтілік қағидаты – жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

      3) анықтық қағидаты – бағалаудың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау;

      4) ашықтық қағидаты – ақпарат көздерінің шыққан жерін тексеру мүмкіндігі.

      7. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымын (бұдан әрі – Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) тарта отырып әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуі кезінде нәтижелілікті бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

      8. Нәтижелілікті бағалау өткен кезеңге қатысты мемлекеттік органның даму нәтижелілігін айқындау үшін өткен кезеңге қатысты бағаланатын кезеңнің сандық (статистикалық) және сапалық (сауалнамалық) көрсеткіштерінің нақты мәндерінің индекстерін есептеуді қамтиды.

2-тарау. Нәтижелілікті бағалау үшін ақпарат көздері, оны жинау мен қалыптастыру

      9. Ұлттық және халықаралық көрсеткіштер бойынша деректерді жинау мен қалыптастыруды Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.

      10. Нәтижелілікке бағалау жүргізу үшін ақпарат көздері ресми статистикалық ақпарат, әкімшілік деректер, халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу нәтижелері, халықаралық рейтингтің деректері болып табылады.

      11. Әкімшілік сандық және сапалық деректерді мемлекеттік органдар Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымына есепті (күнтізбелік) жыл қорытындылары бойынша қағаздағы түрінде ("қызмет бабында пайдалану үшін" немесе "құпия" грифі бар деректер ұсынылған жағдайда) және электрондық түрде ұсынады.

      12. Деректер мемлекеттік органдардың ресми сайттарында орналастырылған жағдайда, Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы қажетті ақпаратты жинауды, жүйелеуді және өңдеуді жүзеге асырады.

      13. Жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымына қағаз және электрондық түрде ұсынылады.

      14. Жыл сайынғы бағалауды жүргізу кезінде қажетті ресми статистикалық ақпарат, сондай-ақ әкімшілік және халықаралық деректер болмаған жағдайда есепке өткен кезеңдегі мәндер қолданылады.

      15. Уақтылы, толық және анық ақпаратты ұсынуды:

      1) ресми статистикалық деректер бойынша – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      2) тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер бойынша – Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы;

      3) әкімшілік деректер бойынша – тиісті әкімшілік ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілік индексін есептеу әдісі

      16. Мемлекеттік органдардың нәтижелілік индексін (бұдан әрі – нәтижелілік индексі) есептеу сандық (статистикалық) және сапалық (сауалнамалық) көрсеткіштерге негізделеді және мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) статистикалық көрсеткіштер арқылы:

      Әрбір мемлекеттік орган үшін есепті жыл ішіндегі көрсеткіштердің мәндері өткен жылдың көрсеткіштері мәндерімен салыстырылады.

      Егер серпін өткен кезең ішіндегі қандай да бір көрсеткіш бойынша өткен кезеңнің алдындағы кезеңге қатысты теріс болған жағдайда, онда есеп үшін ағымдағы және өткен кезеңдер арасындағы, сондай-ақ өткен мен оның алдындағы кезең арасындағы модуль бойынша мәндердің айырмашылығы есепке алынады.

      Әрбір мемлекеттік орган үшін есепті кезеңде қол жеткізілген барлық көрсеткіш бойынша индекстердің орташа арифметикалық мәні есептеледі;

      2) сауалнама көрсеткіштері арқылы:

      Әрбір мемлекеттік орган үшін есепті жылдағы көрсеткіштердің мәндері өткен жылдың көрсеткіштерінің мәндеріне қатысты салыстырылады.

      Әрбір мемлекеттік орган үшін есепті кезеңде қол жеткізілген барлық көрсеткіш бойынша индекстердің орташа арифметикалық мәні есептеледі.

      17. Бағаланатын мемлекеттік орган ықпал ете алмайтын объективті себептер бойынша көрсеткіштер нашарлаған кезде, аталған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшесіне тиісті көрсеткіштерді алып тастау және алдыңғы кезеңдегі деректерді пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі бағаланатын мемлекеттік орган енгізген ақпаратты қарап, қорытынды әзірлейді және оны шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына жолдайды.

      18. Белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігін бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      I = G * (1+(S-1) * Ω),

      мұнда:

      I ‒ белгілі бір мемлекеттік органның барлық көрсеткіші бойынша нәтижелілігінің қорытынды индексі;

      G ‒ белгілі бір мемлекеттік органның барлық оң және теріс көрсеткіші бойынша нәтижелілігінің индексі;

      S ‒ белгілі бір мемлекеттік органның барлық сауалнамалық көрсеткіші бойынша нәтижелілігінің индексі;

      W ‒ сауалнамалық көрсеткіштер мәнділігінің төмендеткіш коэффициенті (0,3-ке тең деп қабылданады).

      19. Белгілі бір мемлекеттік органның барлық оң және теріс көрсеткіші бойынша нәтижелілік индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Ai ‒ белгілі бір мемлекеттік органның i оң көрсеткішінің нәтижелілік индексі;

      Bi ‒ белгілі бір мемлекеттік органның i теріс көрсеткішінің нәтижелілік индексі;

      Ki ‒ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітетін Нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік органның і көрсеткішіне қол жеткізуіне ықпал ету коэффициенті;

      мемлекеттік органның i көрсеткіші – белгілі бір көрсеткіштің мәні.

      20. Белгілі бір мемлекеттік органның барлық сауалнамалық көрсеткіші бойынша нәтижелілік индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Oi ‒ белгілі бір мемлекеттік органның i сауалнамалық көрсеткішінің нәтижелілік индексі.

      21. Әрбір нақты мемлекеттік органның i көрсеткішінің нәтижелілік индексі мынадай формула бойынша есептеледі (жағдайларға байланысты).

      1-жағдай.

      Оң көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезеңнің і оң көрсеткішінің көрсеткішінен көп немесе соған тең болса).



      Теріс көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезеңдегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезеңнің і теріс көрсеткішінің көрсеткішінен аз немесе соған тең болса).



      мұнда:

      Xi,t ‒ белгілі бір мемлекеттік органның t есепті кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      Xi,t -1‒ белгілі бір мемлекеттік органның (t-1) өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      Xi,t -2‒ белгілі бір мемлекеттік органның (t-2) өткен кезеңнің алдындағы жыл ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші;


‒ белгілі бір мемлекеттік органның t есепті кезеңдегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші;

‒ белгілі бір мемлекеттік органның (t-1) өткен кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші;

‒ белгілі бір мемлекеттік органның (t-2) өткен кезеңнің алдындағы жылғы і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      2-жағдай.

      Оң көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткішінен аз болса) және



      (мемлекеттік органның есепті кезеңдегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткішінен аз немесе соған тең болса).



      Теріс көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткішінен көп болса) және



      (мемлекеттік органның есепті кезеңдегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткішінен көп немесе соған тең болса).



      3-жағдай.

      Оң көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткішінен аз болса) және



      (мемлекеттік органның есепті кезеңдегі і оң көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і оң көрсеткішінің көрсеткішінен көп болса).



      Теріс көрсеткіштер үшін:



      (мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезеңнің алдындағы кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткішінен көп болса) және



      (мемлекеттік органның есепті кезеңге арналған і теріс көрсеткішінің көрсеткіші мемлекеттік органның өткен кезең ішіндегі і теріс көрсеткішінің көрсеткішінен аз болса).



      22. Белгілі бір мемлекеттік органның і сауалнамалық көрсеткішінің нәтижелілік индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


‒ белгілі бір мемлекеттік органның t есепті кезеңге арналған і сауалнамалық көрсеткішінің көрсеткіші;

‒ белгілі бір мемлекеттік органның (t-1) есепті кезеңдегі і сауалнамалық көрсеткішінің көрсеткіші.

      23. Мемлекеттік орган үшін неғұрлым жоғары І көрсеткіші мемлекеттік орган мен оның басшылығының соғұрлым жоғары нәтижелілік дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың есепті кезеңдегі нәтижелілігі олардың алдыңғы кезеңдегі нәтижелілігімен салыстырылады.

      24. Нәтижелілікті бағалау қорытындылары бойынша І-дің мәніне қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рейтингі қалыптастырылуы мүмкін.

      ––––––––––––––––––––––––––––––––

О внесении изменений в приказ Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан от 29 января 2020 года № 20-01-38.3 "Об утверждении Методики расчета индекса общестранового прогресса за отчетный год и Методики проведения ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых государственных органов"

Приказ Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан от 20 декабря 2021 года № 21-01-38.46. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 декабря 2021 года № 26013

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан от 29 января 2020 года № 20-01-38.3 "Об утверждении Методики расчета индекса общестранового прогресса за отчетный год и Методики проведения ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых государственных органов" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19983) следующие изменения:

      1) Методику расчета индекса общестранового прогресса за отчетный период, утвержденную вышеназванным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Методику проведения ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых государственных органов, утвержденную вышеназванным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Отделу стратегического планирования Администрации Президента Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ довести до сведения руководителей центральных государственных и местных исполнительных органов.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан Сулейменова Т.М.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель
Администрации Президента
Республики Казахстан
Е.Кошанов

  Приложение 1
к приказу Руководителя
Администрации Президента
Республики Казахстан
от года №
  Приложение 1
к приказу Руководителя
Администрации Президента
Республики Казахстан
от 29 января 2020 года
№ 20-01-38.3

МЕТОДИКА
расчета индекса общестранового прогресса за отчетный год

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчета индекса общестранового прогресса за отчетный год (далее – Методика) разработана в соответствии c Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы".

      2. Методика устанавливает общие положения, принципы, источники, сбор и формирование информации, а также метод расчета ежегодной оценки индекса общестранового прогресса.

      3. Целью расчета индекса общестранового прогресса является оценка прогресса развития Республики Казахстан за определенный период относительно стран-членов Организации экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР), а также прогресса развития Республики Казахстан за определенный период относительно базового года.

      4. В настоящей Методике используются следующие определения:

      1) индекс прогресса – количественный измеримый показатель, характеризующий динамику изменения фактического достижения показателя;

      2) позитивная динамика показателя – наибольшее значение показателя соответствует наивысшей позиции в рейтинге (позитивный показатель);

      3) негативная динамика показателя – наибольшее значение показателя соответствует наименьшей позиции в рейтинге (негативный показатель);

      4) предельно допустимые значения индексов – в случае, если значение индекса в результате расчета меньше 0 (ноля), то в расчет принимается минимально допустимое значение индекса для государственных органов – 0 (ноль); в случае, если значение индекса превышает 200 (двести), то в расчет принимается максимально допустимое значение индекса для государственных органов – 200 (двести);

      5) базовый год – год, период, к которому приводятся для сопоставимости расчетные показатели последующих лет, периодов, являющихся отчетными.

      5. Основными принципами расчета индекса общестранового прогресса являются:

      1) принцип законности – проведение оценки строго в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) принцип объективности – всестороннее и полное проведение независимой оценки, исключение конфликта интересов;

      3) принцип достоверности – подтверждение результатов оценки соответствующими документами;

      4) принцип прозрачности – возможность проверить происхождение источников информации.

      6. Расчет индекса общестранового прогресса Республики Казахстан является частью оценки результативности и проводится Администрацией Президента Республики Казахстан при методологическом, аналитическом и организационном сопровождении Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета с привлечением подведомственной организации по исследованиям, анализу и оценке эффективности (далее – подведомственная организация Счетного комитета).

      7. Расчет индекса общестранового прогресса осуществляется по результатам международных рейтингов в сравнении со странами ОЭСР, а также определения прогресса развития Республики Казахстан за определенный период относительно базового года.

      8. В случае отсутствия необходимых национальных и международных данных на момент проведения оценки применяются значения за предыдущий период.

Глава 2. Источники, сбор и формирование информации для расчета общестранового индекса

      9. Сбор и формирование данных по национальным и международным показателям осуществляются подведомственной организацией Счетного комитета.

      10. Источниками информации для проведения расчета индекса общестранового прогресса служат официальная статистическая информация, административные данные, показатели международных рейтингов, финансовых институтов, межгосударственных объединений и других исследовательских структур (при наличии).

Глава 3. Метод расчета индекса общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР

      11. Расчет индекса общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР основывается на количественных (статистических) показателях и осуществляется следующим путем:

      1) рассчитывается среднее арифметическое значение для стран ОЭСР по каждому показателю за отчетный период;

      2) проводится сравнение среднего арифметического значения для стран ОЭСР (принимается за 100) со значением, достигнутым Республикой Казахстан;

      3) рассчитывается среднее арифметическое значение индексов по всем показателям, достигнутым Республикой Казахстан за отчетный период.

      12. Итоговый индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР рассчитывается по формуле:

     


      где:

      W – итоговый индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР по всем показателям;

      Qi – индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР i-ого позитивного показателя;

      Ri – индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР i-ого негативного показателя;

      m – количество показателей;

      i-я показателя государственного органа – значение определенного показателя.

      Индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР i-ого позитивного показателя рассчитывается по формуле:

     


      qi,kz – показатель i-ого позитивного показателя Республики Казахстан на отчетный период;

      qm,oecd – усредненный показатель i-ого позитивного показателя стран ОЭСР на отчетный период.

      Усредненный показатель i-ого позитивного показателя стран ОЭСР рассчитывается по формуле:

     


      где:

      qi,oecd – показатель i-ого позитивного показателя каждой из стран ОЭСР на отчетный период;

      n– количество стран ОЭСР.

      Индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно стран ОЭСР i-ого негативного показателя рассчитывается по формуле:

     


      где:

      rm,oecd – усредненный показатель i-ого негативного показателя стран ОЭСР на отчетный период;

      ri,kz – показатель i-ого негативного показателя Республики Казахстан на отчетный период.

      Усредненный показатель i-ого негативного показателя стран ОЭСР рассчитывается по формуле:

     


      где:

      ri,oecd – показатель i-ого негативного показателя каждой из стран ОЭСР на отчетный период.

      W характеризует позицию Республики Казахстан касательно усредненного показателя развития стран ОЭСР. Соответственно, чем ближе W к 100%, тем выше общестрановой прогресс Республики Казахстан и меньше отставание от стран ОЭСР.

Глава 4. Метод расчета индекса общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода

      13. Расчет индекса общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового года основывается на количественных (статистических) показателях и осуществляется следующим путем:

      1) по каждому показателю за отчетный период проводится сравнение значения для Республики Казахстан (индекс) со значением базового года (принимается за 100);

      2) находится среднее арифметическое значение индексов по всем индикаторам, достигнутым Республикой Казахстан за отчетный период.

      14. Базовым периодом для проведения оценки индекса общестранового прогресса является 2016 год.

      15. Итоговый индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода рассчитывается по формуле:

     


      где:

      U – итоговый индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода по всем показателям;

      Si – индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода i-ого позитивного показателя;

      Vi – индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода i-ого негативного показателя.

      Более высокое значение U показывает более высокий уровень развития Республики Казахстан по отношению к базовому периоду оценки.

      16. Индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода i-ого позитивного показателя рассчитывается по формуле:

     


      где:

      Si,t – показатель i-ого позитивного показателя Республики Казахстан на отчетный период;

      Si,base– показатель i-ого позитивного показателя Республики Казахстан за базовый период.

      17. Индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода i-ого негативного показателя рассчитывается по формуле:

     


      где:

      Vi – индекс общестранового прогресса Республики Казахстан относительно базового периода i-ого негативного показателя;

     

– показатель i-ого негативного показателя Республики Казахстан на отчетный период t;

     

– показатель i-ого негативного показателя Республики Казахстан за базовый период.

      ––––––––––––––––––––––––––––––––

  Приложение 2
к приказу Руководителя
Администрации Президента
Республики Казахстан
от года №
  Приложение 2
к приказу Руководителя
Администрации Президента
Республики Казахстан
от 29 января 2020 года
№ 20-01-38.3

МЕТОДИКА
проведения ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых государственных органов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика проведения ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых государственных органов (далее – Методика) разработана в соответствии c Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы".

      2. Методика устанавливает общие положения, принципы, источники, сбор и формирование информации, а также метод расчета ежегодной оценки результативности деятельности оцениваемых центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы (далее – оценка результативности).

      3. Оценка результативности формируется по итогам деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы (далее – государственные органы).

      4. Целью оценки результативности является определение эффективности работы государственного органа и соответственно его руководства по закрепленным направлениям деятельности.

      5. В настоящей Методике используются следующие определения:

      1) индекс результативности деятельности – количественно измеримый показатель фактически достигнутых результатов / количественно измеримый показатель, характеризующий динамику изменения достижения фактических показателей;

      2) позитивная динамика показателя – наибольшее значение показателя соответствует наивысшей позиции в рейтинге (позитивный показатель);

      3) негативная динамика показателя – наибольшее значение показателя соответствует наименьшей позиции в рейтинге (негативный показатель);

      4) предельно допустимые значения индексов – в случае, если значение индекса в результате расчета меньше 0 (ноля), то в расчет принимается минимально допустимое значение индекса для государственных органов – 0 (ноль); в случае, если значение индекса превышает 200 (двести), то в расчет принимается максимально допустимое значение индекса для государственных органов – 200 (двести).

      6. Основными принципами оценки результативности являются:

      1) принцип законности – проведение оценки строго в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) принцип объективности – всестороннее и полное проведение независимой оценки, исключение конфликта интересов;

      3) принцип достоверности – подтверждение результатов оценки соответствующими документами;

      4) принцип прозрачности – возможность проверить происхождение источников информации.

      7. Оценка результативности проводится Администрацией Президента Республики Казахстан при методологическом, аналитическом и организационном сопровождении Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета с привлечением подведомственной организации по исследованиям, анализу и оценке эффективности (далее – подведомственная организация Счетного комитета).

      8. Оценка результативности включает расчеты индексов фактических значений количественных (статистических) и качественных (опросных) показателей оцениваемого периода относительно прошлого периода для определения результативности развития государственного органа относительно прошлого периода.

Глава 2. Источники, сбор и формирование информации для оценки результативности

      9. Сбор и формирование данных по национальным и международным показателям осуществляется подведомственной организацией Счетного комитета.

      10. Источниками информации для проведения оценки результативности служат официальная статистическая информация, административные данные, результаты социологического опроса населения, данные международных рейтингов.

      11. Административные количественные и качественные данные предоставляются государственными органами в подведомственную организацию Счетного комитета в бумажном (в случае предоставления данных с грифом "для служебного пользования" или "секретно") и электронном виде по итогам отчетного (календарного) года.

      12. В случае размещения данных на официальных сайтах государственных органов подведомственная организация Счетного комитета осуществляет сбор, систематизацию и обработку необходимой информации.

      13. Сведения о результатах проведенных независимых социологических исследований представляются в подведомственную организацию Счетного комитета в бумажном и электронном виде по итогам отчетного (календарного) года.

      14. В случае отсутствия необходимой официальной статистической информации, а также административных и международных данных на момент проведения ежегодной оценки в расчет применяются значения за предыдущий период.

      15. Предоставление своевременной, полной и достоверной информации обеспечивается:

      1) по официальной статистической информации – Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан;

      2) по независимым социологическим исследованиям – подведомственной организацией Счетного комитета;

      3) по административным данным – государственными органами, формирующими соответствующую административную информацию.

Глава 3. Метод расчета индекса результативности деятельности государственных органов

      16. Расчет индекса результативности государственных органов (далее – индекс результативности) основывается на количественных (статистических) и качественных (опросных) показателях и осуществляется следующим путем:

      1) посредством статистических показателей:

      Значения показателей для каждого государственного органа за отчетный год сравниваются относительно значений показателей предыдущего года.

      В случае если динамика по какому-либо показателю за прошлый период была отрицательной по отношению к периоду, предшествующему прошлому, то для расчета учитывается разница значений по модулю между текущим и прошлым периодами, а также между прошлым и предшествующим ему периодом.

      Рассчитывается среднее арифметическое значение индексов по всем показателям для каждого государственного органа, достигнутых за отчетный период;

      2) посредством опросных показателей:

      Значения показателей для каждого государственного органа за отчетный год сравниваются относительно значений показателей предыдущего года.

      Рассчитывается среднее арифметическое значение индексов по всем показателям для каждого государственного органа, достигнутым за отчетный период.

      17. В случае ухудшения показателей по объективным причинам, на которые не может повлиять оцениваемый государственный орган, данный государственный орган вносит предложения об исключении соответствующих показателей и использовании данных за предшествующий период в ответственное за оценку структурное подразделение Администрации Президента Республики Казахстан.

      Структурное подразделение Администрации Президента Республики Казахстан рассматривает внесенную оцениваемым государственным органом информацию, подготавливает заключение и направляет его Руководителю Администрации Президента Республики Казахстан для принятия решения.

      18. Оценка результативности деятельности определенного государственного органа рассчитывается по формуле:

      I = G * (1+(S-1) * Ω),

      где:

      I ‒ итоговый индекс результативности по всем показателям определенного госоргана;

      G ‒ индекс результативности по всем позитивным и негативным показателям определенного государственного органа;

      S ‒ индекс результативности по всем опросным показателям определенного государственного органа;

      Ω ‒ понижающий коэффициент значимости опросных показателей (принимается равным 0,3).

      19. Индекс результативности по всем позитивным и негативным показателям определенного государственного органа рассчитывается по формуле:

     


      где:

      Ai ‒ индекс результативности i-ого позитивного показателя определенного государственного органа;

      Bi ‒ индекс результативности i-ого негативного показателя определенного государственного органа;

      Ki ‒ коэффициент влияния государственного органа на достижение i-ого показателя в соответствии с Перечнем ключевых показателей результативности, утверждаемым Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан;

      i-ый показатель государственного органа – значение определенного показателя.

      20. Индекс результативности по всем опросным показателям определенного государственного органа рассчитывается по формуле:

     


      где:

      Oi ‒ индекс результативности i-ого опросного показателя определенного государственного органа.

      21. Индекс результативности i-ого показателя каждого конкретного государственного органа рассчитывается по следующим формулам (в зависимости от случаев).

      Случай 1.

      Для позитивных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого позитивного показателя за прошлый период больше или равен показателю государственного органа i-ого позитивного показателя за период, предшествующий прошлому).

     


      Для негативных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого негативного показателя за прошлый период меньше или равен показателю государственного органа i-ого негативного показателя за период, предшествующий прошлому).

     


      где:

      Xi,t ‒ показатель i-ого позитивного показателя определенного государственного органа на отчетный период t;

      Xi,t-1 ‒ показатель i-ого позитивного показателя определенного государственного органа за прошлый период (t-1);

      Xi,t-2 ‒ показатель i-ого позитивного показателя определенного государственного органа за год, предшествующий прошлому периоду (t-2);

     

‒ показатель i-ого негативного показателя определенного государственного органа на отчетный период t;

     

‒ показатель i-ого негативного показателя определенного государственного органа за прошлый период (t-1);

     

‒ показатель i-ого негативного показателя определенного государственного органа за год, предшествующий прошлому периоду (t-2).

      Случай 2.

      Для позитивных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого позитивного показателя за прошлый период меньше показателя государственного органа i-ого позитивного показателя за период, предшествующий прошлому) и

     


      (показатель государственного органа i-ого позитивного показателя на отчетный период меньше или равен показателю государственного органа i-ого позитивного показателя за прошлый период).

     


      Для негативных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого негативного показателя за прошлый период больше показателя государственного органа i-ого негативного показателя за период, предшествующий прошлому) и

     


      (показатель государственного органа i-ого негативного показателя на отчетный период больше или равен показателю государственного органа i-ого негативного показателя за прошлый период).

     


      Случай 3.

      Для позитивных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого позитивного показателя за прошлый период меньше показателя государственного органа i-ого позитивного показателя за период, предшествующий прошлому) и

     


      (показатель государственного органа i-ого позитивного показателя на отчетный период больше показателя государственного органа i-ого позитивного показателя за прошлый период).

     


      Для негативных показателей:

     


      (показатель государственного органа i-ого негативного показателя за прошлый период больше показателя государственного органа i-ого негативного показателя за период, предшествующий прошлому) и

     


      (показатель государственного органа i-ого негативного показателя на отчетный период меньше показателя государственного органа i-ого негативного показателя за прошлый период).

     


      22. Индекс результативности i-ого опросного показателя определенного государственного органа рассчитывается по формуле:

     


      где:

     

‒ показатель i-ого опросного показателя определенного государственного органа на отчетный период t;

     

‒ показатель i-ого опросного показателя определенного государственного органа за прошлый период (t-1).

      23. Более высокий показатель I для государственного органа соответствует более высокой степени результативности государственного органа и его руководства. При этом сравнивается результативность государственных органов в отчетном периоде с их результативностью за предшествующий период.

      24. По итогам оценки результативности может составляться рейтинг местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы в зависимости от значения I.

      ––––––––––––––––––––––––––––––––