Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26092 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 488 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 263 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 200 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      34 тармақтың 6 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, білім беру ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу;".

      4. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 230 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартында:

      2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) БА – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;";

      кәсіптік стандартқа қосымшада "арнаулы түзеу ұйымдарына" деген сөздер "білім беру ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 декабря 2021 года № 488. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2021 года № 26092.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести изменения в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития политики социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Сакеева Р.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и
социальной защиты
населения Республики Казахстан
С. Шапкенов

      СОГЛАСОВАН
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 23 декабря 2021 года № 488

Перечень некоторых приказов Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 29.06.2023 № 263 (вводится в действие с 01.07.2023).
      2. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 02.06.2023 № 200 (вводится в действие с 01.07.2023).

      3. В приказе исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 октября 2017 года № 360 "Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций социальной защиты и занятости населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16057):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 17) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Типовых квалификационных характеристиках должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций социальной защиты и занятости населения, утвержденных указанным приказом:

      абзац шестой пункта 34 изложить в следующей редакции:

      "оформления опеки, попечительства, определения в организации образования, учреждения социальной защиты населения;".

      4. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 22.06.2023 № 230 (вводится в действие с 01.07.2023).

      5. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 мая 2019 года № 292 "Об утверждении профессионального стандарта "Психологическая и социальная работа" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18764):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2-1 статьи 117 Трудового кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Профессиональном стандарте "Психологическая и социальная работа", утвержденном указанным приказом:

      подпункт 17) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "17) медико-социальная экспертиза – оценка ограничений жизнедеятельности освидетельствуемого лица, вызванных стойким расстройством функций организма, с установлением (неустановлением) инвалидности и (или) степени утраты трудоспособности, а также определение его потребностей в мерах социальной защиты;";

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) КС – квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих, разработанный и утвержденный в соответствии с подпунктом 16-2) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан;";

      в приложении к профессиональному стандарту слова "специальные коррекционные организации" заменить словами "организации образования".