Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32941 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 Бұйрығына
1 қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:

      1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

      5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

      Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.

2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

      3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші;

      2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.

      Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

      4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

      Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.

      Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталда авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.

      Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.

      Бос орын болған кезде қызметтерді алушы он бес жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызметтер алушының белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының сырқаттануына, ауруханаға жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы стационарлық үлгідегі ұйымға жіберіледі.

      Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.

      Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялау жолымен өз бетінше кезекке тұрады.

      Стационарлық үлгідегі ұйымда орын босаған кезде кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға он жұмыс күні ішінде келу қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.

      Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.

      Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызметтерді алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      8. Қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында қызметтер алушының карточкасы мынадай құжаттары бар карточкасымен қалыптастырылады:

      1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

      2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж балаларды және (немесе) ТҚА бұзылған балаларды және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілі мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

      он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

      балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егу картасы.

      10. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар мәртебесінің болуы туралы арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.

      Ескерту. 10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелеріне (бұдан әрі – Бөлімше) өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешімді стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының бағалау кешені және мониторингі негізінде стационарлық үлгідегі ұйым қабылдайды.

      Әлеуметтік кодекстің 12-бабының 5 тармақшасының жиырма жетінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған қызмет алушының өзіне-өзі қызмет көрсетуге және (немесе) өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелділігі Бөлімшеде тұруына қарсы көрсетілім болып табылады.

      12. Стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:

      1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;

      3) қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

      5) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтендіру, күнделікті өмірді, жұмыспен қамтуды, олардың мүмкіндігінше дербестігін қолдау және бос уақытын, әлеуметте өзара әрекет етуін қолдау;

      6) тұрғын жай беру, оның ішінде балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедектігі бар адамдарға, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беруді қамтамасыз ету;

      7) қызметтерді алушының құпиялылығы;

      8) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша ұсынылатын киімдердің, аяқкиімнің, төсек жабдығының, жеке гигиена заттарының, қатты инвентарь және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарының ең төмен нормаларына, сондай-ақ олардың кию және пайдалану мерзімдеріне сәйкес киіммен, аяқкиіммен, төсек жабдығымен, жеке гигиена заттарымен, қатты инвентарь және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету;

      9) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығын қамтамасыз ету сақталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес стационар жағдайларында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. Стандарт 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:

      1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;

      2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайын бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;

      4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда;

      5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

      14. Қызметтерді алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша өтінішінің, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің, жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.

      15. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады және үлеске алынады.

      16. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру тиісті өңірлердің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісім бойынша жүзеге асырылады.

      17. Қызметтерді алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.

      18. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар зерттеу жүргізу және стационарлық немесе амбулаториялық емдеу мәселесін шешу үшін мамандандырылған медициналық ұйымға жолданады.

      19. Бала он алты жасқа толған кезде стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Он сегіз жасқа толған, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылданады не үйіне шығарылады (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда).

      20. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұратын қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады. "Е-собес" ААЖ тіркелгеннен кейін қызметтер алушылар кезектілікті белгілемей, порталда стационарлық үлгідегі ұйымға ресімделеді.

      21. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар мынадай жағдайларда:

      1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған;

      2) мүгедектігі бар адамдар мен қарттар спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан соттың шешімі бойынша әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кезде шығарылуға жатады.

      Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;

      3) қамқорлықтағылар стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған кезде шығарылуға жатады.

      Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал дәлелді себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылдануға жатады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Осы Стандарттың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызметтерді алушылар осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарып жіберілгеннен кейін күнтізбелік бір жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.

      23. Қызметтерді алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.

      Бұл ретте міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектігі бар адамдарға мен қарттардың қолына не қызметтерді алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.

      24. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

      24-1. Стационарлық үлгідегі ұйымдар мамандарының жұмысына стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы және уәкілетті орган:

      1) отбасыларға қайтарылған (берілген) және (немесе) жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын;

      2) тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылған қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. Стандарт 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-2. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін шарттық негізде мамандарды қосымша тартуға болады.

      Ескерту. Стандарт 24-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-3. Стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, оның парақтары нөмірленген, тігілген, мөрмен және ұйым басшысының қолымен бекітілген. Кітап стационарлық үлгідегі ұйым басшысында сақталады және қызметтерді алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.

      Шағымдар мен ұсыныстар кітабын стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.

      Ескерту. Стандарт 24-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы мен көлемі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
1-қосымша
  Нысан

Облыстық және республикалық маңызы бар ауданның, қаланың (астананың) жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

      ________________________________________________ (облыстық және

      республикалық маңызы бар ауданның, қаланың (астананың) жұмыспен қамту

      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: ___________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың № ___ "___" ______20 __ жылы берілді

      Тіркелген жері ____________________________

      Тұратын жері _____________________________

      Туған жері________________________________

      Туған күні "___" _________ ____ жыл

      Жәрдемақының түрі мен мөлшері __________________________________________

      Мүгедектік санаты _______________________________________________________

      Туыстары (заңды өкілдері)

      _______________________________________________________________________

      (туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

      ӨТІНІШ

      _______________________________________________________________________

      (қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің асты сызылсын) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1) _______________________ 2) _________________________

      3) _______________________ 4) _________________________

      5) _______________________ 6) _________________________

      7) _______________________ 8) _________________________

      9) _______________________ 10) ________________________

      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін. Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру, шығару шарттарымен таныстым.

      20 ___ жылғы "___" __________________________

      (Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдаған ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      20 __ жылғы "___" _________.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
2-қосымша
  Форма

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________________

      Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________

      Үйінің мекенжайы _______________________________________________________

      Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық

      аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға

      (препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог ___________________________________________________________

      психиатр _______________________________________________________________

      дерматовенеролог _______________________________________________________

      фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті)

      _______________________________________________________________________

      терапевт/педиатр _______________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды

      _______________________________________________________________________

      Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):

      эндокринолог __________________________________________________________

      кардиолог _____________________________________________________________

      ортопед _______________________________________________________________

      нарколог _______________________________________________________________

      онколог ________________________________________________________________

      гинеколог (уролог) _______________________________________________________

      хирург _________________________________________________________________

      окулист ________________________________________________________________

      отоларинголог __________________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі

      _______________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      АИТВ инфекциясына қанның анализі _______________________________________

      " (мерзімі, нәтижесі)

      сифилиске қанның анализі _______________________________________________

      "(мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі ___________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

      ______________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу

      _______________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу

      _______________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

      әйелдердің қынап жағындысы ____________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      ерлердің уретральды жағындысы _________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы

      _______________________________________________________________________

      (стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөрдің орыны.

      Медициналық ұйымның басшысы: _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
3-қосымша

Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киімнің, аяқкиімнің, төсек жабдықтарының, жеке гигиена заттарының, қатты мүкәммалдың және мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
3-қосымша

Стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша ұсынылатын киімдердің, аяқкиімнің, төсек жабдығының, жеке гигиена заттарының, қатты инвентарь және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарының ең төмен нормаларына, сондай-ақ олардың кию және пайдалану мерзімдеріне сәйкес киіммен, аяқкиіммен, төсек жабдығымен, жеке гигиена заттарымен, қатты инвентарь және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету ең төменгі нормалары

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға

Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

Төсек-орын жабдықтары

1

Ақжайма

дана

3

1

3

1

2

Сейсеп

дана

3

1

3

1

3

Жастықтысы

дана

4

1

4

1

4

Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац)

дана

1

2

1

3/2*

5

Жастық

дана

1

2

1

3

6

Көрпе

дана

1

2

2

3

7

Жамылғы

дана

1

4

1

4

8

Вафельді сүлгілер

дана

4

1

4

1

9

Түкті сүлгілер

дана

2

1

2

1

Бөлмелерге арналған заттар (қажеттілік болса)**

10

Дастархан

дана

1

1

1

1

11

Үстелге арналған майлық орамалдар

дана

4

1

4

1

Санитариялық-гигиеналықзаттар**

12

Резина клеенка

дана

Қажеттілігіне қарай

1

тоқсанда

13

Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер (етеккір циклі кезінде)

дана

16

айына

16

айына

14

Күнделікті төсемелер

дана

-

айына

30

айына

15

Урологиялық төсемелер (дәрігердің ұсынысы бойынша)

дана

-

айына

60

айына

16

Дәрігердің тағайындауы бойынша жаялықтар: мүгедектігі бар адамдарға АОЖБ сәйкес нормаларға қосымша; АОЖБ жоқ паллиативті көмек палаталарында (бөлімінде) жатқан қарттарға

дана

4

күніне

4

күніне

Мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің тағайындауы бойынша берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары

17

Балдақтар, таяқтар, жүргіштер

дана

1

2

18

Корсет

дана

1

1

19

Таңғыштар, емдік белдіктер

дана

1

1

20

Есту аппараттары

дана

1

4

21

Бөлмелік кресло-арбалар

дана

1

7

22

Серуендеуге арналған кресло-арбалар

дана

1

4

23

Сіңіргіш жаймалар (жаялықтар)

дана

1

күніне

      Ескертпе:

      * 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлім үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді;

      ** бөлмелерге арналған заттардың (қажеттілік болса) және санитариялық-гигиеналық заттардың нормативтері балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектерге және АОЖБ жоқ паллиативті көмек палаталарында (бөлімінде) жатқан қарттарға ғана қолданылады.

      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға киім мен аяқкиім мынадай көлемде беріледі:

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға (психоневрологиялық ауытқулары бар)

Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

Киім

1

Пальто немесе куртка

дана

1

2

1

3

2

Плащ немесе жел өткізбейтін күрте

дана

1

2

1

2

3

Жүн матадан тігілген костюм

дана

1

2

1

3

4

Мақта матадан тігілген костюм

дана

1

1

1

1

5

Спорттық костюм

дана

1

1

1

1

6

Шалбар немесе джинсы

дана

3/4*

1

4

1

7

Көйлек, сарафан немесе халат

дана

3/4*

1

4

1

8

Жүн матадан тігілген юбка

дана

1

2

1

2

9

Мақта матадан тігілген юбка

дана

3/4*

1

2

1

10

Мақтаматадантігілген блузка

дана

2

1

2

1

11

Свитер, жекет, жемпір, кофта немесе трикотаж жаймадан тігілген желет

дана

1

2

4

2

12

Трико

дана

2

1

2

1

13

Футболка

дана

3

1

3

1

14

Мақта матадан тігілген кеудеге киетін жейде

дана

3/4*

1

3/4**

1

Ішкиім

15

Трусы немесе панталон

дана

6/4*

1

4/8**

1

16

Түнде киетін жейде немесе пижама

дана

2/3*

1

2/3**

1

17

Майка

дана

2

1

3

1

18

Мақта матадан және иілімді трикотаж жаймадан тігілген киім-кешек бұйымы (бюстгальтер)

дана

2

1

4

1

19

Кальсондар

дана

-

-

2

1

20

Гамаштар

дана

1

1

1

1

Орамал-шарф бұйымдары мен бас киімдер

21

Шарф

дана

1

1

1

1

22

Бөрік немесе берет

дана

1

2

2

2

23

Панама, фуражка немесе кепкалар

дана

1

1

1

1

24

Әйелдерді ң бас орамалы

дана

1

1

1

1

25

Тақия

дана

-

-

1

2

26

Қолғап немесе биялай

дана

1

1

1

1

27

Жүн орамал (жартылайжүн)

дана

-

-

1

1

28

Тоқыма шапка

дана

1

1

1

1

Носки-шұлық бұйымдары

29

Колготки

дана

6

1

6

1

30

Шұлық

дана

-

-

12

1

31

Носки

дана

6/12*

1

12/10**

1

32

Гольфы

дана

3

1

-

-

Аяқкиім

33

Қысқы етік немесе киізден тігілген аяқкиім

дана

1

1

2

3

34

Пима

дана

1

1

1

1

35

Маусымдықетік

дана

1

1

1

2

36

Қысқаетік

дана

1

1

1

2

37

Бәтеңке немесе туфли

дана

1

1

1

1

38

Қысқа бәтеңке

дана

1

1

1

1

39

Жалаңаяқкиетін аяқкиім немесе сандали

дана

2

1

1

1

40

Спорттық аяқкиім

дана

1

1

1

1

41

Бөлмеде киетін тәпішке

дана

3/4*

1

4

1

42

Сланцы

дана

1

1

2

1

      Ескертпе:

      1) * 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бірінші сан – он төрт жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын, екінші сан – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;

      2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бірінші сан – еркектерге арналған кию нормасын, екінші сан – әйелдерге арналған кию нормасын көрсетеді

      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға

Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

1

Кереует

дана

1

5

1

5

2

Көп функциялы кереует (дәрігердің ұсынысы бойынша)

дана

1

5

1

5

3

Үстел

дана

1

5

1

5

4

Орындық

дана

1

5

1

5

5

Шкаф

дана

1

5

1

5

6

Кереует жанындағы Тумбочка

дана

1

5

1

5

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
4-қосымша

Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейі не, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:

      1) балалардың әлеуметті к дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады;

      2) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейін;

      3) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейін;

      4) әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.

      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытуы ойындар өткізіледі.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
5-қосымша

Стационарлық жағдайда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтердің атауы

санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларын сақтау

тағамды дайындау, оның ішінде диеталық

киім, аяқкиім, төсек-орын, жеке гигиена құралдарын беру

қатты мүкәммал және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы көлік құралдарын беру

гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету (сабын, жуғыш құралдар және басқа да гигиеналық құралдарды беру)

тырнақтарды алу

сақал мен мұртты қыру (ерлер үшін)

шаштараз қызметтерін көрсету (кәдімгі шаштаразда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін емес қызметтер алушылар үшін

тұрмыстық қызмет көрсету (ішкиімді, киімді, төсек жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау)

қалалық телефон байланысын ұсыну

қызметтерді алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алу және жеткізу

хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету

қызметтерді алушыларды емдеуге, оңалтуға, оқытуға, қызметтерді алушыларды мәдени-демалыс іс-шараларына қатысуға тасымалдау бойынша көлік қызметтерін көрсету

жерлеу қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған адамның туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде)

тыныс-тіршіліктің бірқалыпты шектелуі дәрежесі кезінде төсектен тұруға, төсекке жатуға, киінуге және шешінуге, жуынуға, тамақ жеуге, ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, қозғалуға көмектесу: бақылау

тыныс-тіршіліктің бірқалыпты шектелуі кезінде ваннада, душта жуындыру: бақылау

тыныс-тіршіліктің шектелуі айқын білінетін шектелуі кезінде төсектен тұруға, төсекке жатуға, киінуге және шешінуге, жуынуға, тамақ жеуге, ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, қозғалуға, тісті немесе жақты күтуге, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалануға көмектесу

тыныс-тіршіліктің айқын білінетін шектелуі кезінде жеке гигиена дағдыларын, еңбек, жалпы өмірлік дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру

тыныс-тіршіліктің абсолютті және ауыр шектелуі кезінде төсектен тұруға, төсекке жатуға, киінуге және шешінуге, жуынуға, тамақ жеуге, ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, қозғалуға көмектесу

тыныс-тіршіліктің абсолютті және ауыр шектелуі кезінде ваннада, душта жуындыру

тыныс-тіршіліктің абсолютті және ауыр шектелуі кезінде тырнақтарды алу

тыныс-тіршіліктің абсолютті және ауыр шектелуі кезінде сақал мен мұртты (ерлер үшін) қыру

тыныс-тіршіліктің абсолютті және ауыр шектелуі кезінде киім, аяқкиім, төсек-орын, жеке гигиена құралдарын беру

денсаулық сақтау ұйымдарында болған кезде алушыларға бару, азық-түлік пен жеке керек-жарақтарды жеткізу

күнделікті аралау және қызметтерді алушылардың жағдайын мониторингтеу

жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді бақылау)

қызметтерді алушылардың туыстарымен байланысты ұйымдастыру және қолдау

тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

қызметтерді алушылардың саны туралы есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

қызметтерді алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

мәдени іс-шараларға барған кезде қызметтерді алушыларды алып жүру

дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық клуб іс-шараларын ұйымдастыру (спорттық ойындарды, эстафеталарды, жарыстарды және әлеуметтендіруге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу)

заңға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру

заңдық маңызы бар құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

сенімхат бойынша қазақстан республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алу

құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін сотта өкілдік етуді қамтамасыз ету

жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық бойынша заңгерлік консультация беру

алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу

балаларға медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу (жеке жоспарды қалыптастыру)

ересектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы (жеке жоспарды қалыптастыру) ұйымдастыру және жүргізу

бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

балаларды уақтылы медициналық-әлеуметтік тексеруден өткізуге жәрдемдесу

ересектерге уақтылы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу

дәрігерге дейінгі көмек көрсету

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: беру

білікті медициналық консультация беруді ұйымдастыру

балаларға арналған обж сәйкес санаториялық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

ересектерге арналған обж сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

мүгедектігі бар балаларды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу

ересек мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу

мүгедектігі бар балаларды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту протезі көмегін алуға жәрдемдесу

ересек мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту протезі көмегін алуға жәрдемдесу

қызметерді алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға оқыту

балалар үшін әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына байланысты бейімдеу бойынша консультация беру

ересекетер үшін әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына байланысты бейімдеу бойынша консультация беру

денсаулыққа байланысты процедураларды жүргізу (дәрі-дәрмектерді қабылдау, тамшыларды тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауымен байланысты процедуралар)

емдеуші дәрігердің нұсқауына сәйкес медициналық процедураларды жүргізу: тері астына және бұлшықет ішіне енгізу, жүйелі бақылау

емдеуші дәрігердің нұсқауына сәйкес емдік шараларды жүргізу: компресс қою, таңу, ұзақ жатқаннан ойылған жерлерін, жара беттерін емдеу, тазарту клизмалар жасау, зертханалық зерттеулерге материалдарды жинау, міндетті гигиеналық құралдар мен медициналық бұйымдарды қолдануға көмек көрсету

емдік дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету

алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету

санитариялық-гигиеналық қызмет көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық ванналар)

ауруханаға жатқызуға жәрдемдесу және денсаулық сақтау ұйымдарында қолдау көрсету

емдеу-сауықтыру қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру

психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

психоневрологиялық аурулары бар ересектерге арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

мүгедектігі бар адамдарға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

егде жастағы адамдарға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

жоғары жиілікті магниттік терапия

ультра жоғары жиілік терапиясы

дәрілік электрофорез

төмен жиілікті магниттік терапия

сәулемен емдеу

лазерлік терапия

дарсонвализация

электромиостимуляция

ультрадыбыстық терапия

жылумен емдеу – парафиндік терапия

электроэнцефалография

адаптивтік дене тәрбиесі

робот-қозғалыс терапиясы

құрғақ гидромассаж

спелеотерапия

шунгитотерапия

механотерапия

диспансерлеуді ұйымдастыру

медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне сәйкес "денсаулық топтарын" құру және жұмысын ұйымдастыру (балалар үшін)

медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне сәйкес "денсаулық топтарын" құру және жұмысын ұйымдастыру (ересектерге)

психиатриялық, психотерапевтік қызметтерді көрсету

денсаулық жағдайын күнделікті бақылау

балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаж бақылау

паллиативтік көмек қызметтерін көрсету

паллиативтік көмек палаталарында (бөлімшелерінде) тәулік бойы бақылау

қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына барған кезде алып жүру (егер денсаулық жағдайы қоғамдық көлікті пайдалануға кедергі болса)

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешенін таңдау және дамыту

емдік дене шынықтыру нұсқаушысының консультациясы

емдік дене шынықтыру бойынша топтық жаттығу (топ құру)

емдік дене шынықтыру бойынша топтық жаттығу

электрофорез көмегімен дәрілік заттарды енгізу

массаж

емдік атірек-қимыл аппараты мінуді (райттерапия/иппотерапия) пайдалана отырып, денені қалпына келтіру және бейімдеу қызметтері

суда емдік жаттығуларды қолдана отырып, денені қалпына келтіру және қозғалыс функцияларын қалпына келтіру қызметтері (жүзу/гидрокинезитерапия)

рефлексологиялық қызметтері (ине терапиясы)

галотерапия қызметтері (тұз кеніші)

ингаляциялық терапия қызметтері

кварц терапиясы қызметтері

психоневрологиялық патологиясы бар балаларға әлеуметтік-педагогикалық консультация беру

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік-педагогикалық консултация беру

педагогикалық және коррекциялық-дамыту диагностикасын, баланың жеке басын, даму деңгейін, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, он сегіз жастан асқан адамдарды тексеруді жүргізу

балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды олардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру

дене жаттығулары мен гимнастика жүргізу

дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыру (спорттық ойындар, эстафеталар, жарыстар және әлеуметтендіруге бағытталған басқа да іс-шаралар)

балалардың дене және психикалық қабілеттеріне сәйкес арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу

жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың білім алуына жәрдемдесу

ересектерге кәсіптік білім алуға жәрдемдесу

балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды педагогикалық түзету

есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін меңгеруіне жәрдемдесу

ымдау тілін аудару қызметі

әлеуметтік дағдылары өте төмен болған кезде тұрмыстық негіздерге және қол дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

әлеуметтік дағдылары төмен болған кезде тұрмыстық бағдар негіздеріне және қол дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

әлеуметтік дағдылары бірқалыпты деңгейде болған кезде балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдар негіздеріне және қолмен жұмыс істеу дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

балаларда еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шаралар өткізу

ересектерде еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шараларды өткізу

емдік және еңбек қызметін жүзеге асыру

тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік бағдар беру

мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту

бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру

көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету бойынша іс-шараларды жүргізу

қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдарға үй шаруашылығының жоғалған дағдыларын қалпына келтіру қызметтері

жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

психологиялық диагностика және тұлғаны тексеру

психоневрологиялық аурулары бар балаларға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

психоневрологиялық аурулары бар ересектерге әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау).

егде жастағы адамдарға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау).

психопрофилактикалық жұмыс

психологиялық консультация беру

жедел психологиялық (соның ішінде телефон арқылы) көмек

қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

психологиялық тренингтер

балаларға психологиялық түзету

ересектерге арналған психологиялық түзету

өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақтар өткізу

қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 Бұйрығына
2 қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, мыналарға:

      1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

      5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

      Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар деп аталады.

2-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

      3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) шешімі бойынша қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қызметтерді алушыларға мүгедектігі бар адамның әзірленген абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша жартылай стационарлық үлгідегі екі ұйымда бюджет қаражаты есебінен бір уақытта арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға жол берілмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

      2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы;

      4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

      Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызмет түрлеріне мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және полустационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталында авторизацияланады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.

      Қызметтер алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.

      Бос орын болған кезде Қызметтерді алушы үш жұмыс күні ішінде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызмет алушының белгіленген мерзімде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік он төрт күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ол болмаған уақытта кезекте тұрған келесі қызмет алушыны қабылдайды.

      Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.

      Таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.

      ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.

      8. Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

      2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда – осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.

      9. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.

      10. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:

      1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;

      3) қызметтерді алушыларға осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

      4) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған төсек жабдықтары, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормаларымен қамтамасыз ету;

      5) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығын қамтамасыз ету сақталады

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. Стандарт 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан бір елді мекен шегіндегі басқасына ауыстыру облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісімі бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін заңды өкілінің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган қызметтерді алушыны ауыстыру жүзеге асырылатын ұйымда бос орындар болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі сұрау салу келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыстыруға келісім береді.

      12. Қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады.

      13. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату:

      1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;

      2) қызметтерді алушылардың жеке жоспарындағы оңалту іс-шараларының мерзімі өткен жағдайда және әрі қарай оңалту іс-шараларын өткізуге көрсетілімдердің болмауы негізінде;

      3) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

      4) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызметтер алған кезде;

      5) қызметтерді алушы ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған кезде;

      6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда;

      7) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

      14. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету осы Стандарттың 13-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бір жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      15. Қызметтерді алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатыла тұрады.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру қызметтерді алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың болмауын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      16. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру немесе басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.

      Бұл ретте шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар қызметтерді алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.

      16-1. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар мамандарының жұмысына жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы және уәкілетті орган:

      1) жеке даму деңгейі, мінез-құлық бейімделуінің дағдылары, әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтену деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың;

      2) білім беру ұйымдарына ауыстырылған балалардың;

      3) қозғалу функциялары толтықтырылған, қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың;

      4) әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. Стандарт 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-2. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін шарттық негізде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. Стандарт 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, оның парақтары нөмірленген, тігілген, мөрмен және ұйымның басшысының қолымен бекітілген, ол жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызметтерді алушылар мен олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

      Шағымдар мен ұсыныстар кітабын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және (немесе) құрылтайшы – ай сайын қарайды.

      Ескерту. Стандарт 16-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі

      Ескерту. 13-тарау алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Ауданның, облыстық және
республикалық маңызы бар
қаланың (астананың) жұмыспен
қамту әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
____________________________
(ауданның, облыстық және
республикалық маңызы бар
қаланың (астананың) жұмыспен
қамту әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
___________________________

ӨТІНІШ

      _____ жылы "___" __________ туған, ____________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндіз болу

      жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай

      стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1) _______________________ 2) _______________________

      3) _______________________ 4) _______________________

      5) _______________________ 6) _______________________

      7) _______________________ 8) _______________________

      9) _______________________ 10) ______________________

      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

      Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде

      (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда болу, одан шығарып тастау және шығарып тастау шарттарымен таныстым.

      20 ___ жылғы "___" ___________________

      ____________________________________________________________________

      (өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдаған ___________________ 20 __ жылғы "___" ___________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына
2-қосымша
  Нысан

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      _____________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________

      Үйінің мекенжайы _____________________________________________________

      Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық

      аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға

      (препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог _________________________________________________________

      психиатр _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      дерматовенеролог ____________________________________________________

      фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      терапевт/педиатр _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):

      эндокринолог ________________________________________________________

      кардиолог ___________________________________________________________

      ортопед _____________________________________________________________

      нарколог ____________________________________________________________

      онколог _____________________________________________________________

      гинеколог (уролог) ____________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі

      ____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      АИТВ инфекциясына қанның анализі _____________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      сифилиске қанның анализі _____________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі __________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

      _____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу

      _____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу

      _____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін: әйелдердің қынап

      жағындысы __________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      ерлердің уретральды жағындысы

      _____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөрдің орны.

      Медициналық ұйымның басшысы:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ___________.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған төсек жабдықтар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған төсек жабдықтар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Атауы

Өлшем бірлігі

Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға

Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға

Норма

Мерзімі (жыл)

Норма

Мерзімі (жыл)

Төсек-орын жабдықтары

1

Ақ жайма

дана

3

1

3

1

2

Сейсеп

дана

3

1

3

1

3

Жастық тысы

дана

4

1

4

1

4

Матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац)

дана

1

2

1

3/2*

5

Жастық

дана

1

2

1

3

6

Көрпе

дана

1

2

2

3

7

Жамылғы

дана

1

4

1

4

8

Вафельді сүлгі лер

дана

4

1

4

1

9

Түкті сүлгі лер

дана

2

1

2

1

      Ескертпе:

      * 4-тармақтағы бірінші цифр жалпы бөлім үшін, екінші сан – ауыр науқастар үшін пайдалану мерзімін көрсетеді.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына
4-қосымша

Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды жартылай стационарлық үлгі дегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
4-қосымша

Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, он сегіз жастан асқан адамдарды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда оқыту ұзақтығы

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейіне, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:

      1) балалардың әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады;

      2) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейін;

      3) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейін;

      4) әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.

      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында жартылай
стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
5-қосымша

Жартылай стационар жағдайда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтердің атауы

санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларын сақтау

тағамды дайындау, оның ішінде диеталық

төсек-орынн, жеке гигиена құралдарын беру

қатты мүкәммал және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз ету

тұрмыстық қызмет көрсету (төсек жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау)

хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету

көрсетілетін қызметті алушыларды емдеуге, оңалтуға, оқытуға, қызметтерді алушыларды мәдени-демалыс іс-шараларына қатысуға тасымалдау бойынша көлік қызметтерін көрсету

қызметтерді алушылардың отбасы мүшелерін жеке қызмет көрсету және санитариялық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйрету

тыныс-тіршіліктің бірқалыпты шектелуі дәрежесі кезінде төсектен тұруға, төсекке жатуға, киінуге және шешінуге, жуынуға, тамақ жеуге, ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, қозғалуға көмектесу: бақылау

тыныс-тіршіліктің шектелуі айқын білінетін шектелуі кезінде төсектен тұруға, төсекке жатуға, киінуге және шешінуге, жуынуға, тамақ жеуге, ішуге, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалануға, қозғалуға, тісті немесе жақты күтуге, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалануға көмектесу

тыныс-тіршіліктің айқын білінетін шектелуі кезінде жеке гигиена дағдыларын, еңбек, жалпы өмірлік дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру

күнделікті аралау және қызметтерді алушылардың жағдайын мониторингтеу

жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді мониторингтеу)

қызметтерді алушылардың туыстарымен байланысты ұйымдастыру және қолдау

тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

қызметтерді алушылардың саны туралы есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

қызметтерді алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

мәдени іс-шараларға барған кезде қызметтерді алушыларды алып жүру

дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық клуб іс-шараларын ұйымдастыру (спорттық ойындарды, эстафеталарды, жарыстарды және әлеуметтендіруге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу)

заңға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру

заңдық маңызы бар құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

сенімхат бойынша қазақстан республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алу

құқықтар мен мүдделерді қорғау үшін сотта өкілдік етуді қамтамасыз ету

жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық бойынша заңгерлік консультация беру

алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу

балаларға медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу (жеке жоспарды қалыптастыру)

ересектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы (жеке жоспарды қалыптастыру) ұйымдастыру және жүргізу

бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

балаларды уақтылы медициналық-әлеуметтік тексеруден өткізуге жәрдемдесу

ересектерге уақтылы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу

дәрігерге дейінгі көмек көрсету

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: беру

балаларға арналған обж сәйкес санаториялық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

ересектерге арналған обж сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

мүгедектігі бар балаларды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу

ересек мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу

мүгедектігі бар балаларды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту протезі көмегін алуға жәрдемдесу

ересек мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту протезі көмегін алуға жәрдемдесу

қызметерді алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға оқыту

балалар үшін әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына байланысты бейімдеу бойынша консультация беру

ересекетер үшін әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына байланысты бейімдеу бойынша консультация беру

денсаулыққа байланысты процедураларды жүргізу (дәрі-дәрмектерді қабылдау, тамшыларды тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауымен байланысты процедуралар)

емдеуші дәрігердің нұсқауына сәйкес медициналық процедураларды жүргізу: тері астына және бұлшықет ішіне енгізу, жүйелі бақылау

емдеуші дәрігердің нұсқауына сәйкес емдік шараларды жүргізу: компресс қою, таңу, ұзақ жатірек-қимыл аппараты ннан ойылған жерлерін, жара беттерін емдеу, тазарту клизмалар жасау, зертханалық зерттеулерге материалдарды жинау, міндетті гигиеналық құралдар мен медициналық бұйымдарды қолдануға көмек көрсету

емдік дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету

алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету

ауруханаға жатқызуға жәрдемдесу және денсаулық сақтау ұйымдарында қолдау көрсету

емдеу-сауықтыру қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру

психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

психоневрологиялық аурулары бар ересектерге арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

мүгедектігі бар адамдарға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

егде жастағы адамдарға арналған емдік дене тәрбиесі бойынша жеке жаттығу

жоғары жиілікті магниттік терапия

uhf терапиясы

дәрілік электрофорез

төмен жиілікті магниттік терапия

сәулемен емдеу

лазерлік терапия

дарсонвализация

электромиостимуляция

ультрадыбыстық терапия - узт

жылумен емдеу – парафиндік терапия

электроэнцефалография

адаптивтік дене тәрбиесі

робот-қозғалыс терапиясы

құрғақ гидромассаж

спелеотерапия

шунгитотерапия

механотерапия

диспансерлеуді ұйымдастыру

медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне сәйкес "денсаулық топтарын" құру және жұмысын ұйымдастыру (балалар үшін)

медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне сәйкес "денсаулық топтарын" құру және жұмысын ұйымдастыру (ересектерге)

психиатриялық, психотерапевтік қызметтерді көрсету

денсаулық жағдайын күнделікті бақылау

балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаж

қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына барған кезде алып жүру (егер денсаулық жағдайы қоғамдық көлікті пайдалануға кедергі болса)

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешенін таңдау және дамыту

емдік дене шынықтыру нұсқаушысының консультациясы

емдік дене шынықтыру бойынша топтық жаттығу (топ құру)

емдік дене шынықтыру бойынша топтық жаттығу

әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дәрілік емес терапия қызметтері: электрофорез көмегімен дәрілік заттарды енгізу

массаж

емдік атірек-қимыл аппараты мінуді (райттерапия/иппотерапия) пайдалана отырып, денені қалпына келтіру және бейімдеу қызметтері

суда емдік жаттығуларды қолдана отырып, денені қалпына келтіру және қозғалыс функцияларын қалпына келтіру қызметтері (жүзу/гидрокинезитерапия)

рефлексологиялық қызметтері (ине терапиясы)

галотерапия қызметтері (тұз кеніші)

ингаляциялық терапия қызметтері

кварц терапиясы қызметтері

психоневрологиялық патологиясы бар балаларға әлеуметтік-педагогикалық консультация беру

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік-педагогикалық консултация беру

педагогикалық және коррекциялық-дамыту диагностикасын, баланың жеке басын, даму деңгейін, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, он сегіз жастан асқан адамдарды тексеруді жүргізу

балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды олардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру

дене жаттығулары мен гимнастика жүргізу

дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыру (спорттық ойындар, эстафеталар, жарыстар және әлеуметтендіруге бағытталған басқа да іс-шаралар)

жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың білім алуына жәрдемдесу

ересектерге кәсіптік білім алуға жәрдемдесу

балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды педагогикалық түзету

есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін меңгеруіне жәрдемдесу

ымдау тілін аудару қызметі

әлеуметтік дағдылары өте төмен болған кезде тұрмыстық негіздерге және қол дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

әлеуметтік дағдылары төмен болған кезде тұрмыстық бағдар негіздеріне және қол дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

әлеуметтік дағдылары бірқалыпты деңгейде болған кезде балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдар негіздеріне және қолмен жұмыс істеу дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері бойынша отбасы мүшелеріне консультация беру

отбасы мүшелерін үйде балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға үйрету

балаларда еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шаралар өткізу

ересектерде еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шараларды өткізу

емдік және еңбек қызметін жүзеге асыру

тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік бағдар беру

мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту

бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру

көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету бойынша іс-шараларды жүргізу

қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдарға үй шаруашылығының жоғалған дағдыларын қалпына келтіру қызметтері

жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

үй жұмысын ұйымдастыруда қызметтерді алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне консультация беру

психологиялық диагностика және тұлғаны тексеру

психоневрологиялық аурулары бар балаларға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау).

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

психоневрологиялық аурулары бар ересектерге әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау).

егде жастағы адамдарға әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау).

психопрофилактикалық жұмыс

психологиялық кеңес беру

жедел психологиялық (оның ішінде телефон арқылы) көмек

қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

психологиялық тренингтер

балаларға психологиялық түзету

ересектерге арналған психологиялық түзету

өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақтар өткізу

қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 Бұйрығына
3 қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді, мыналарға:

      1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);

      5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

      Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.

2-тарау. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары

      3. Үйде қызметтер көрсету ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

      2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

      Уәкілетті орган өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) мүгедектікті белгілеу туралы;

      4) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      8. Өтінішті және осы Стандарттың 5-тармағында көзделген құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамдардың және қарт адамның тұратын жеріне барады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.

      Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

      Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.

      Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және үйде қызмет көрсету ұйымын таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда стационарлық үлгідегі ұйымды авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.

      Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды таңдайды.

      Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызмет алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.

      Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.

      ОЖБ мерзімі өтіп кеткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.

      9. Қызмет алушы үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) жергілікті атқарушы органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

      2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      3) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;

      4) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3-абзацында көрсетілген құжаттар.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызметтер көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган үйде қызметтер көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.

      10. Ұлы Отан соғысының ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерге, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер үйде қызметтер көрсету ұйымдарымен бірінші кезекте беріледі.

      11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектігі бар адамдар мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.

      12. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызметтерді алушының жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектің ОЖБ мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы ескеріледі.

      13. Қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда уәкілетті органға өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады.

      14. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдар тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:

      1) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

      2) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;

      3) осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;

      4) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайындағы ұйымдармен балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар үшін сабақтар өткізу ұзақтығын қамтамасыз ету сақталады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. Стандарт 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Үйде қызметтер көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату:

      1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;

      2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

      3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген кезде;

      4) қызметтерді алушы басқа елді мекенге көшкен кезде;

      5) қызметтерді алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған, ол куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталған кезде;

      6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарт бұзылған кезде;

      7) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда;

      8) білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алған жағдайда жүзеге асырылады.

      16. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету осы Стандарттың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      17. Қызметтерді алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатыла тұрады.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру қызметтерді алушы үйде қызметтер көрсету ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың болмауын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      18. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру үйде қызметтер көрсету ұйымы басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.

      19. Бұл ретте, үйде қызметтер көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызметтерді алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.

      19-1. Үйде қызметтер көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін шарттық негізде қосымша мамандарды тартуға болады.

      Ескерту. Стандарт 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-2. Үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары қызметтерді алушыларға баруды үйде қызметтер көрсету ұйымның басшысы бекітетін қызметтерді алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

      Қызметтерді алушыға барған күні үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары нысаны осы Стандартқа 6-қосымшада ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы қызметтерді алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған кейін күтім жасайтын әлеуметтік жұмыскерге беріледі.

      Ескерту. Стандарт 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-3. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы немесе үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасайды, оның ішінде:

      1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық, дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған үй-жайлар;

      2) персоналды қызметтерді алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;

      3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын әлеуметтік жұмыскерлерді арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар) қамтамасыз ету.

      Ескерту. Стандарт 19-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-4. Үйде қызметтер көрсету ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, оның парақтары нөмірленген, ол үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысында сақталады және қызметтерді алушылар немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантпен беріледі.

      Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және (немесе) құрылайшы ай сайын қарайды.

      Ескерту. Стандарт 19-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Аудандардың, облыстық
және республикалық маңызы
бар қалалардың (астананың)
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдерінің басшысы немесе
аудандық маңызы бар қалалар,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкіміне
__________________________
(аудандардың, облыстық және
республикалық маңызы бар
қалалардың (астананың)
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
басшысының немесе аудандық
маңызы бар қалалар, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер
әкімінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
_________________________

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      (қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсету керек)

      үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын.

      Туған күні ______ жылғы "____" __________________

      Тұратын жері ________________________________________________________

      Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)___________________________________________

      Мүгедектік санаты (бар болса)__________________________________________

      Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстығын көрсету керек)

      ____________________________________________________________________

      Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

      Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.

      Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      ____________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      күні 20__ жылғы "___" ________________________________________________

      ___________________________________________________ өтінішті қабылдады.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымын көрсету)

      Қолы _____________ Күні 20__ жылғы "___" _____________________________

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
2-қосымша
  Нысан

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      _________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________

      Туған күні _____ жылғы "___" _________

      Үйінің мекенжайы _________________________________________________

      Қысқаша анамнез (ауру анамнезі, өмір анамнезі, тұқым қуалаушылық, инфекциялық

      аурулармен ауыруы (ауыруының атауы, ауыру уақыты), аллергиялық реакцияға

      (препараттардың төзімділігін қоса алғанда)):

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог _____________________________________________________

      психиатр _________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      дерматовенеролог ________________________________________________

      _________________________________________________________________

      фтизиатр (флюорография мәліметтерінің болуы міндетті)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      терапевт/педиатр__________________________________________________

      _________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

      қанның жалпы анализі

      _________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі

      _________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (үйде қызмет көрсету ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөрдің орны.

      Медициналық ұйымның басшысы: ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ___________.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметер
көрсету стандартына
3-қосымша
  Нысан

Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу актісі *

      № _____

      1. Қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________

      2. Туған күні _____ жылғы "___" __________________________________________

      3. Тұрғылықты мекенжайы

      ______________________________________________________________________

      4. Телефон нөмірі

      ______________________________________________________________________

      5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері

      ______________________________________________________________________

      6. Отбасылық жағдайы

      ______________________________________________________________________

      7. Соңғы жұмыс орны

      ______________________________________________________________________

      8. Балалары және жақын туыстары туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), тұратын жері, жұмыс орны, байланыс телефондары)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      9. Тұрмыс жағдайы

      _____________________________________________________________________

      (жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй)

      _____________________________________________________________________

      (пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа)

      _____________________________________________________________________

      (нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан жылытыла

      ма екендігін, лифтінің болуын және басқаны көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (басқа да жағдайлар)

      10. Аулалық учаскенің болуы ___________________________________________

      Актіні жасаған адам ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Күні 20___ жылғы "___"_________

      Ескертпе: Мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үшін толтырылады.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
4-қосымша

Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
4-қосымша

Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейі не, танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:

      1) балалардың әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін созылады;

      2) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейін;

      3) әлеуметтік дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметі қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейін;

      4) әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметінің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.

      Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткізіледі.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
5-қосымша
  Нысан

20__ жылғы _______ Ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
5-қосымша

Үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтердің атауы

жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді бақылау)

денсаулығына байланысты әдеттегі тұрмыстық рәсімдерді, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуу, тамақ жеу; ішу, дәретхана немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалу, тісті немесе жақты күту, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалану, тырнақтарды алу, ал ер адамдар үшін сақал мен мұртты қыру

қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде)

қызметтерді алушылардың отбасы мүшелерін жеке қызмет көрсету және санитариялық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйрету

мүгедектігі бар балаларды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазуға және оқуға көмек көрсету

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық түскі асты, азық-түлік және азық-түлік емес қажетті заттарды сатып алуға және үйге жеткізуге жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ дайындауға көмектесу

орталықтандырылған жылыту және (немесе) сумен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй-жайларда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға пештерді жағуға, отын, көмір және су жеткізуге жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға заттарды жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге және оларды қайтаруға көмектесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға киім жууға көмектесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрғын үй-жайларды жөндеу мен тазалауды ұйымдастыруға жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу

қажетті жәрдемақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

қызметтерді алушылардың саны туралы есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

қызметтерді алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

мәдени іс-шараларға барған кезде қызметтерді алушыларды алып жүру

заңға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру

заңдық маңызы бар құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

сенімхат бойынша қазақстан республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алу

көрсетілетін қызметті алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасында жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылық үшін кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу

қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатірек-қимыл аппараты, қорғаншылыққа кодекске сәйкес орналастыруға жәрдемдесу.

көрсетілетін қызметті алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер мен ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға балаларды тәрбиелеуден жалтарған, оның ішінде жалпы білім беру ережелерін бұзған ата-аналарға қатысты өтініштерді тіркеу

көрсетілетін қызметті алушыларға жұмысқа орналасу үшін құжаттарды дайындауда, жеке басын куәландыратын құжатты және заңды маңызы бар құжаттарды алуда заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу

қазақстан республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде, "адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" қазақстан республикасының заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттан тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу

бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

алғашқы медициналық көмек көрсету

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

балаларға арналған обж сәйкес санаториялық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

ересектерге арналған обж сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

қызметерді алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға оқыту

(дәрі-дәрмектерді қабылдау, тамшыларды енгізу және емдеуші дәрігердің тағайындауымен байланысты процедуралар)

емдік дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету

балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаж бақылау

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

обж сәйкес протездік-ортопедиялық және есту аппаратын алуға жәрдемдесу

жасына байланысты бейімделу мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша консультация беру

дәрігерді үйге шақыру және қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып жүру

мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызмет көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық ванналар)

оңалту шараларын жүргізуге жәрдемдесу (оңалту қызметін алу кезіндегі сүйемелдеу

балалардың дене және психикалық қабілеттеріне сәйкес арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу

жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жәрдемдесу

ересектерге кәсіптік білім алуға көмектесу

әлеуметтік дағдылары бірқалыпты деңгейде болған кезде балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдар негіздеріне және қолмен жұмыс істеу дағдыларына, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және тыныс-тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

әлеуметтік-педагогикалық консультаци беру

өзін-өзі күту дағдыларын, жеке гигиенаны, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру қызметтері

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері бойынша отбасы мүшелеріне консультация беру

ата-аналарды немесе отбасы мүшелерін үйде оңалту негіздеріне үйрету

отбасы мүшелерін үйде балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға үйрету

тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік бағдар беру

жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

үй жұмысын ұйымдастыруда қызметтерді алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне кеңес беру

қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
6-қосымша

20__ жылғы _______ ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы

      Ескерту. Стандарт 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы

      _______________________________________________________________

      Қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________

      Тіркелген күні 20___ жылғы "____" ____________

Күні

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мен лауазымын көрсете отырып, қызметтерді көрсету белгісі

Сапа белгісі туралы белгі (ескертулер мен ұсыныстарды қызметтерді алушы немесе заңды өкілдер толтырады)

1

2

3

      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген. Әрбір қызмет алушы үшін жеке журнал жасалады, ол әрбір күнтізбелік айға толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 Бұйрығына
4 қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды, шығаруды, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) адам саудасының құрбаны – адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру фактісінің бар-жоғына қарамастан, адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілген адам, сол сияқты Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленуші деп танылған адам;

      2) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру –адамды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасының құрбаны деп тану рәсімі;

      3) адам саудасының құрбандарын оңалту – құрбанның психологиялық және (немесе) тәндік жай-күйін нұқсан келтірілгеннің алдындағы жай-күйге дейін қалпына келтіру жөніндегі әрекеттер.

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны – Әлеуметтік кодекстің 133-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарның бірлескен бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) негізінде айқындалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты тікелей құқық бұзушылықтан моральдық, дене және (немесе) мүліктік зиян келтірілген деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға.

      Ескерту. Стандарт 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары

      3. Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Уақытша болу ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының уақытша болу ұйымындағы өтінішінен деректерді енгізеді.

      4. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.

      4-1. "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) бекітілген Критерийлерге сәйкес уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініші негізінде жүгінген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын не (немесе) адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді жүргізеді.

      Ескерту. Стандарт 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-2. Сәйкестендіру қызмет алушылармен жеке контакті кезінде ішкі істер органдары өкілдерінің, әлеуметтік жұмыскер мен психологтің қатысуымен әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша осы Стандартқа 1-1-қосымшаға сәйкес бағалау парағы толтырылады.

      Ескерту. Стандарт 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-3. Әңгімелесу жүргізуге мынадай талаптар қойылады:

      1) әңгімелесу жүргізу орны анықталған адам тұрған ұйым, адамды сәйкестендіруге уәкілетті адамның жұмыс орны, өзге де үй-жай болып табылады;

      2) әңгімелесу жүргізуге арналған үй-жай қауіпсіз, оқшауланған, жарық әрі жылы болады;

      3) әңгімелесу жүргізу кезінде уәкілетті маман басқа жұмысты орындауға, телефон қоңырауларына жауап беруге, басқа адамдармен сөйлесуге алаңдамайды.

      Ескерту. Стандарт 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-4. Жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны не (немесе) адам саудасының құрбаны деп танылса, уақытша болу және тұру ұйымы бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім шығару үшін оның өтінішімен бірге бағалау парағын уәкілетті органға жолдайды.

      Жүгінген адам тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылмаса, оған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынудан бас тартылады.

      Ескерту. Стандарт 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-5. Адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, осы Стандартқа 1-1-қосымшаға сәйкес оны сәйкестендіру талап етілмейді.

      Ескерту. Стандарт 4-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-6. Жүгіну сәтінде оларға қатысты заңды өкілі болып табылатын адамның қасында кәмелетке толмаған балалар болса, онда уақытша болу және тұру ұйымына балалармен бірге қабылдау жүзеге асырылады.

      Ескерту. Стандарт 4-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-7. Ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен бірге түсетін балалар көрсетілетін қызметтерді жеке алушылар ретінде есептеледі.

      Ескерту. Стандарт 4-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-8. Баланың заңды өкілдері болмаған жағдайда, ұйым қамқоршылық және қорғаншылық органдарын хабардар етеді және баланы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына береді.

      Ескерту. Стандарт 4-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-9. Уәкілетті орган бағалау парағын және өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны не (немесе) адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға шешім шығарады және шешім шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны уақытша болу және тұру ұйымына жібереді.

      Ескерту. Стандарт 4-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-10. Көрсетілетін қызметтерді алушылар ішкі істер органдарына өтініш беруден бас тартқан жағдайда уақытша болу және тұру ұйымдары өз бетінше үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректерінің құпиялылығын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа не (немесе) адам саудасына байланысты заңға қайшы әрекет фактісі бойынша келіп түскен өтініш туралы ішкі істер органдарына ақпарат жібереді.

      Ескерту. Стандарт 4-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21.00-ден 9.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 18.00-ден 10.00-ге дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.

      7. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің түнгі уақытында ұсынылады.

      8. Уақытша болу және тұру ұйымдары көрсетілетін қызметтерді алушыларды шарттық негізде қабылдауды жүзеге асырады.

      Уақытша болу және тұру ұйымы шешімді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілік шарт негізінде көрсетілетін қызмет алушылармен шарт жасасады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жасалған шарттың қолданылу мерзімі бір жылдан аспайды, адам саудасының құрбандары және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін алты ай.

      Көрсетілетін қызметті алушы медициналық ұйымда стационарлық емделуде, бірақ үш айдан аспайтын болса, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қылмыстық істі аяқталмаған жағдайда адам саудасының құрбандарына шарт ұзартылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шартта:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілетін көлемі мен түрлері;

      2) уақытша болу ұйымы мен қызметтерді алушының құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі.

      11. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.

      11-1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес уақытша болу жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. Стандарт 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.

      13. Уақытша болу ұйымынан қызметтерді алушыларды шығару:

      1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші;

      2) қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;

      3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;

      4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;

      5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

      14. Қызметтерді алушыларды білім беру ұйымында оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.

      Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызметтерді алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.

      15. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызметтерді алушылар медициналық ұйымның және мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.

      16. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.

      17. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      18. Қызметтерді алушылар:

      1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған;

      2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;

      3) қызметтерді алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.

      Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;

      4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;

      5) қызметтерді алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.

      Шығаруға осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер куәгерлердің жазбаша айғақтамаларымен расталады.

      Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша уақытша болу ұйымынан шығарылған қызметтерді алушылармен осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан соң оңалту туралы шарт жасалады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату, қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, уақытша болу және тұру ұйымдарына ауыстыру уақытша болу және тұру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқкиімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

      20-1. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және Уәкілетті орган оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.

      Ескерту. Стандарт 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-2. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарттық негізде қосымша мамандарды тартуға болады.

      Ескерту. Стандарт 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-3. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының басшысында сақталады және қызметтерді алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.

      Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – ай сайын қарайды.

      Ескерту. Стандарт 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уақытша болу ұйымының
атауы) директорына
____________________________
(директордың тегі аты-жөні
(бар болса)
____________________________
____________________________
____________________________

ӨТІНІШ

      Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан өту үшін уақытша болу ұйымына қабылдауды сұраймын.

      Өзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:

      Туған күні "__" _________________ ____ жыл

      Туған жері: __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат (болған кезде):_________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі: ______________________________________________________________

      ____________ жылы тұрғын үйімнен айырылдым, айырылған тұрғын үйімнен

      мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      Тұрғын үйімнен айырылу себебім _______________________________________

      Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      Тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тұрудың мүмкін болмауының себебі

      (егер баспанасынан айырылмаған болса) ________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жақын туыстары туралы деректер: ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тұру және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін. Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.

      Сондай-ақ, өзім туралы жалған ақпарат берген жағдайда, мен уақытша болу ұйымынан бірден шығарылатыным туралы ескертілдім.

      ________________ (қолы) "____" ___________ ______ жыл.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
1-1-қосымша

      Ескерту. Стандарт 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан-1

      Бағалау парағы ____________________________________

      (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Р/c №

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың болуын бағалауға арналған өлшемшарттардың тізбесі

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың болуын бағалауға арналған көрсеткіштер (балл)

1

Адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты

2

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану

3

Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу/мәжбүрлі еңбек

4

Баланы заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу

5

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу

6

Адамның органдарын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу

6-1

Құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу/ құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу мақсатындағы адам саудасы

6-2

Кінәлінің адамға қатысты меншік иесінің кейбір немесе барлық өкілеттіктерін жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер

Блок бойынша жиынтығы

7

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

8

Сатып алу-сату, өзге де мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)

9

Кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зорлық-зомбылық немесе оны қолдану қатерін не оны орындау үшін осы адам өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған қандай да бір жаза қатерін қолдану жолымен адамнан талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы

10

Кінәлі адамның жезөкшелікпен айналысуын басқа адамның немесе ол көрсететін өзге де сексуалдық сипаттағы қызметтерді пайдалануы адамды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу немесе алынған кірістерді немесе олардың бір бөлігін иемдену мақсатында, сол сияқты кінәлілерді осы мақсатқа қудалаусыз сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге мәжбүрлеу түсініледі

11

Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу

12

Кінәлілерді құқыққа қарсы іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу, яғни адамды мүліктік сипаттағы табыс немесе пайда алу мақсатында құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу

13

Азғырып-көндіру – зардап шегушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, оның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу

14

Тасымалдау – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, оның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет

15

Беру – зардап шегушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру

16

Жасыру – зардап шегушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету)

17

Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін тікелей алу

18

Пайдалану мақсатында ұрлау

19

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру

Блок бойынша жиынтығы

20

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

21

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту

22

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану

23

Алдау немесе сенімге қиянат жасау

24

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану

25

Материалдық немесе басқа тәуелділікті пайдалану

26

Психиканың бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану

27

Жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою

Блок бойынша жиынтығы

28

Адамға келтірілген зиян

29

Дене ауруын тудырған, бiрақ зардабы болмаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

30

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері салдарынан дене немесе психикалық зардап шегу

31

Адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына алып келген денсаулыққа зиян келтіру

32

Адамның өміріне қауіпті, көруден, тілден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтіргісіз бұзылуының салдарынан денсаулыққа зиян келтіру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтіру

Блок бойыншажиынтығы

Жалпы нәтиже

      ____________________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылады.

      ____________________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылмайды.

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)

      Ұйым маманы ______ _________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органының өкілі

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Ішкі істер органының өкілі _____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      нысан-2

      Бағалау парағы ______________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Р/с №

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың болуын бағалауға арналған өлшемшарттарын тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың болуын бағалау көрсеткіштері

1.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

1)

Дене ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

2)

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

3)

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

4)

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5)

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру

2.

Психологиялық зорлық-зомбылық

1)

Дөрекілік, қорлау, қорқыту, бопсалау, қудалау және адамның теріс эмоционалды реакциясын және психикалық ауырсынуды тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік)

2)

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе зардап шегушіні қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

3)

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

4)

Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон

3.

Экономикалық зорлық-зомбылық

1)

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

2)

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

3)

Тұрғын үйден айыру

4)

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

5)

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

4.

Сексуалдық зорлық-зомбылық

1)

Зорлау, яғни зардап шегушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не зардап шегушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

2)

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

3)

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

4)

Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соғу және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық

      ____________________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылады.

      ____________________________________________________________________

      (Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылмайды.

      Ұйым мамандары _______________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органының өкілі

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

      Ішкі істер органының өкілі

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
2-қосымша
  Нысан

Оңалту туралы үлгілік шарт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________ атынан

      (уақытша болу ұйымының атауы)

      _________________________________________, (бұдан әрі – Орталық)

      бір (басшының тегі аты-жөні (бар болса) тараптан және ___________ (бұдан әрі – қызметтерді (қызметтерді алушының тегі аты әкесінің аты

      (бар болса) алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар,

      төмендегі туралы осы Шартты жасасты:

      1. Шарттың нысаны

      Қызметтерді алушыға Орталық оңалтуға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

      2. Орталықтың құқықтары:

      1) қызметтерді алушының оқуға және жұмыс орнына баруын бақылауды жүзеге асыру;

      2) мүдделі адамдардан қызметтерді алушылардың оқу процесі, жұмыс орнына баруы және үлгерімі туралы қажетті ақпаратты сұрату;

      3) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты тәртіппен шартты бұзу;

      4) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзу.

      3. Орталықтың міндеттері:

      1) қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;

      2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлау, қайта даярлау) ұйымдастыру

      ___________________________________________________________;

      4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;

      5) келешекте тұру мақсатында қол жетімді жалдамалы тұрғын үй іздестіруді жүзеге асыру;

      6) қызметтерді алушыға сыйластықпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.

      4. Қызметтерді алушының құқықтары:

      1) оңалту процесі туралы ақпарат алу;

      2) кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.

      5. Қызметтерді алушының міндеттемелері:

      1) оңалту процесіне белсенді түрде қатысу;

      2) _________________ мамандығы бойынша оқу курсынан табысты өту;

      3) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;

      4) осы шарттың талаптарын сақтау.

      6. Шартты бұзу талаптары

      Осы шарт мынадай негіздемелер:

      1) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді (оқу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздестіру) орындамау немесе орындаудан бас тарту;

      2) қызметтерді алушының Орталық персоналына негізсіз дөрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзуға жатады.

      7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету денсаулық сақтау ұйымында қызметтерді алушы болған кезеңінде тоқтатылады.

      8. Қорытынды ережелер

      Шарт бірдей заң күшімен тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды және қол қойылды.

      Орталық директоры _________________________ ______________

      (Тегі аты-жөні (бар болса) (қолы)

      Қызметтерді алушы _________________________ _______________

      (Тегі аты-жөні (бар болса) (қолы)

      Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
3-қосымша

Уақытша болу ұйымдарына арналған төсек-орын және ішкиім, жеке гигиеналық құралдар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласында уақытша болу
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандартына
4-қосымша

Уақытша болу кезінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтердің атауы

санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларын сақтау

тағамды дайындау, оның ішінде диеталық

төсек орындарын, жиһаздар, төсек жабдықтарын, жеке гигиена құралдарын және ішкиіммен қамтамасыз ету

тұрмыстық қызмет көрсету (ішкиімді, киімді, төсек жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау)

хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету

қызметтерді алушыларды емдеуге, оңалтуға, оқытуға, қызметтерді алушыларды мәдени-демалыс іс-шараларына қатысуға тасымалдау бойынша көлік қызметтерін көрсету

жол жүру құжаттарын сатып алу және жол жүру уақытында азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрғылықты жеріне жіберуге жәрдемдесу

қызметтерді алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру

қызметтерді алушылардың саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

күнделікті аралау және қызметтерді алушылардың жағдайын мониторингтеу

жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді бақылау)

қызметтерді алушылардың туыстарымен байланысын ұйымдастыру және қолдау

Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14-тарауларына сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

арнаулы әлеуметтiк қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) ретiнде алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiруге жәрдемдесу 1,2

Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы алуға жәрдемдесу1,2

мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

қызметтерді алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

заңдық маңызы бар құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу

тұратын жері бойынша тіркеуге құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке құқықтарға байланысты мәселелер бойынша құжаттарды дайындауда заңгерлік консультация беру және көмек көрсету

қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық ұйымдарға орналастыру үшін қажетті құжаттарды дайындауға жәрдемдесу

құқықтық көмек көрсету және заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға көмек көрсету

адам саудасы фактілерін тергеуде, сот ісін жүргізуде және орындауда құқық қорғау және сот органдарымен ынтымақтастықта көмек көрсету

азаматтыңы бойынша мемлекеттің дипломатиялық және консулдық өкілдіктеріне қол жеткізуге жәрдемдесу

Елшіліктерге, сыртқы істер, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне өтініштерді (өтініштерді, өтініштерді) дайындауға және беруге көмек көрсету

қызметтерді алушының мүдделерін білдіруге сенімхаттар ресімдеу

құжаттарды, бланкілерді және іс материалдарын қызметтерді алушының ана тіліне аудару

медициналық тексерулер кезінде, сотта, мемлекеттік органдарда және мекемелерде мәселелерді шешу кезінде аудармашыны ұсыну (мүмкіндігінше қызметтерді алушының жынысына сәйкес)

сот-тергеу органдары мен мекемелерінде қызметтерді алушының мүдделерін білдіру

алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу

бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

психиатриялық және психотерапевтік қызметтерді көрсету

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

емдеуші дәрігер тағайындаған денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес медициналық процедураларды жүргізу

абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге, санаториялық-курорттық ем алуға жәрдемдесу

ұйымның орналасқан жері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациядан өтетін кәмелетке толмаған балаларға көмек көрсету

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қызметті дамыту

құндылықтарды, көзқарастарды және мінез-құлық дағдыларын өзгерту бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу

ұйымда уақытша тәулік бойы немесе ұзақ уақыт болған жағдайда кәмелетке толмаған балаларды үйдегі оқу процесіне қосуға жәрдемдесу

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде немесе оңалту орталықтарында, ұйымдарда немесе ұйымның орналасқан жері бойынша дамуында артта қалған және ауытқуы бар балаларға түзету-дамыту көмегінің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

көрсетілетін қызметті алушылардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, олардың білім алуына жәрдемдесу

тәрбиешінің қызметін көрсету

ересектерде еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шараларды өткізу

бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру

Қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру

кәсіптік бағдар беру

қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға оқыту бойынша іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу

психологиялық диагностика және тұлғаны тексеру

психопрофилактикалық жұмыс

психологиялық консультация беру

жедел психологиялық (соның ішінде телефон арқылы) көмек

қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

психологиялық тренингтер

ересектерге арналған психологиялық түзету

Өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақтар өткізу

әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

      Ескертпе:

      1 – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қолданылады.

      2 – адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 Бұйрығына
7 қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      1. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген).

      2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 13 мамырда № 11038 тіркелді);

      3. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 206 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13609 болып тіркелген).

      4. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген).

      5. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18661 болып тіркелген).

      6. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 547 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21993 болып тіркелген).

      7. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23082 болып тіркелген).

      8. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 463 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25937 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26092 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу тізіліміндегі 1 және 4 тармақшалары алынып тасталсын.

      10. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 9 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26517 болып тіркелген).

      11. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26772 болып тіркелген).

      12. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 307 бұйрығы". (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29097 болып тіркелген).

      13. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 325 бұйрығы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29285 болып тіркелген).

      14. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу тізіліміндегі 2 және 4 тармақтары күшін жойсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады