"Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті мыналарды:

      1) сауда күндері мен негізгі сауда сессияларын өткізу графигін және кезеңділігін;

      2) сауда құралдарын;

      3) электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді қамтамасыз ету мөлшерлерін;

      4) сатуға және сатып алуға өтінімдердің ең көп мөлшерін;

      5) ай сайын сұйытылған мұнай газы базалық бағасының максималды мәнін бекітеді.

      Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Сатушылар ай сайын сауда сессиялары басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сауда-саттықты ұйымдастырушыны ағымдағы айда тиісті электрондық сауда алаңы арқылы өткізуге қоюды жоспарлап отырған сұйытылған мұнай газының көлемі туралы хабардар етеді.

      Сауда-саттықты ұйымдастырушы ағымдағы айда тиісті электрондық сауда алаңы арқылы өткізудің жоспарланатын көлемдері туралы жинақталған ақпаратты сауда сессиялары басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Сауда-саттықты ұйымдастырушы жоспарланатын айдың алдындағы айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 5 (бес) негізгі сауда сессиясын өткізеді, олардың әрқайсысында сатушылар жоспарланатын ай ішінде нақты тиеп-жөнелте отырып, электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газы көлемінің 20 (жиырма) пайызынан қояды.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген күні өндіруші өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері арасында жеткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлмеген жағдайда, мұндай меншік иелері алғашқы негізгі 4 (төрт) сауда-саттық сессияларының әрқайсысында өздері бөлуге жоспарлаған сұйытылған мұнай газы көлемінің 20 (жиырма) пайызынан сауда-саттыққа шығарады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тұлғалар үшін 5 (бесінші) негізгі сауда сессиясы меншік иелері арасында сұйытылған мұнай газын бөлу бекітілген күннен кейінгі 1 (бірінші) жұмыс күні жеке өткізіледі, бұл ретте осындай тұлғалардың өнім беру жоспарын орындауы үшін қажетті сұйытылған мұнай газының барлық көлемі сауда-саттыққа шығарылады.";

      28-тармақ алып тасталсын;

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Егер тиісті сатушының электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуі міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі 180 (бір жүз сексен) тоннадан аз болса, онда мұндай сатушы бірінші сауда сессиясынан бастап көлемнің 20 (жиырма) пайызынан астамын сатуға қояды.

      Егер өткен сауда сессияларында сұйытылған мұнай газының көлемі сатуға қойылып, бірақ сатылмаған жағдайда, мұндай көлем кейінгі сауда сессияларында қосымша қойылады.

      31. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының (көлемінің) ең төменгі мөлшері 1 (бір) лотты құрайды.

      Сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен жеткізуді көздейтін сауда құралдары бойынша лоттың мөлшері 36 (отыз алты) тоннадан 40 (қырық) тоннаға дейінгі 1 (бір) вагонды, автомобиль көлігімен 5 (бес) тоннаны құрайды.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Сатып алушы электрондық сауда алаңында ай сайын сатып алатын сұйытылған мұнай газы партиясының (көлемінің) ең жоғары мөлшері жоспарланып отырған айға арналған өнім беру жоспарына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге жататын сұйытылған мұнай газы көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды, ал сұйытылған мұнай газы көлемінің кемінде 80 (сексен) пайызы автомобиль көлігімен әкетілетін беру базисінің сауда құралдары бойынша – 5 (бес) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұйытылған мұнай газының көлемін сауда-саттықты ұйымдастырушы бүкіл электрондық сауда алаңдарында ағымдағы күнтізбелік айдың ішінде осындай сатып алушының сұйытылған мұнай газын сатып алуының нақты көлемдерін ескере отырып, әрбір сатып алушы үшін белгілейді.

      Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатып алушылардың сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемдері туралы деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      34. Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысу үшін электрондық сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе электрондық сауда алаңына қызмет көрсететін клирингтік ұйымның шотына ақшалай кепілдік қамтамасыз етуді енгізеді.

      Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдікті қамтамасыз ету мөлшерін сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті белгілейді.

      Кепілдік қамтамасыз етуді енгізу, ұстап қалу және қайтару тәртібін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе клирингтік ұйым айқындайды.";

      36, 36-1 және 36-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Сауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті сауда сессиясы ішінде қалыптастырылатын сұйытылған мұнай газы бағасының базалық бағадан жол берілетін ауытқуының 3 (үш) пайыздан 5 (бес) пайызға дейінгі диапазон шегінде ең төменгі және ең жоғары деңгейін белгілейді.

      Бұл ретте сауда сессиясының базалық бағасы мынадай тәртіппен белгіленеді:

      1) алғашқы электрондық сауда-саттықтарда сұйытылған мұнай газының соңғы сауда айында тиісті беру базисінің барлық сауда құралдары бойынша қалыптасқан орташа өлшемді бағасы деңгейінде жаңадан бекітілген сауда құралы бойынша;

      2) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша мәмілелердің кемінде 75 (жетпіс бес) пайызы жасалған болса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасының деңгейінде белгіленеді;

      3) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша 75 (жетпіс бес) пайыздан кем, бірақ 25 (жиырма бес) пайыздан астам мәмілелер жасалған болса және бұл ретте сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасы деңгейінде немесе одан жоғары қалыптасса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға өзгермейді;

      4) егер негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша 75 (жетпіс бес) пайыздан кем, бірақ 25 (жиырма бес) пайыздан астам мәмілелер жасалған болса және бұл ретте сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы осы сауда сессиясының базалық бағасынан төмен қалыптасса, онда келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға осындай сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді;

      5) егер сауда құралы бойынша негізгі сауда сессиясының қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес осы сауда сессиясында өткізуге жататын сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша мәмілелер 25 (жиырма бес) пайыздан кем жасалған болса не мәмілелер жасалмаса, келесі негізгі сауда сессиясында базалық баға 5 (бес) пайызға, бірақ Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының ағымдағы шекті бағасының деңгейінен төмен емес азайтылады;

      6) егер сауда құралы бойынша күнтізбелік 30 (отыз) және одан көп күн ішінде мәмілелер жүргізілмесе, базалық баға сауда-саттықты ұйымдастырушының барлық сауда құралдары бойынша тиісті беру базисімен алдыңғы сауда сессиясында қалыптасқан сұйытылған мұнай газының орташа өлшемді бағасының деңгейінде белгіленеді.

      Сұйытылған мұнай газының базалық бағасы қазақстандық сұйытылған мұнай газын импорттаушы елдерге темір жол көлігімен тасымалдауға арналған шығыстардың орташа арифметикалық мәнін шегере отырып, осындай елдерде өткен күнтізбелік айдағы сұйытылған мұнай газына баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнінен аспайды.

      Осы тармақтың тоғызыншы абзацында көрсетілген мән Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері тізбесінің негізінде анықталады және оны уәкілетті органның ұсынымдары негізінде cауда-саттықты ұйымдастырушының басқарушы комитеті ай сайын бекітеді.

      Сұйытылған мұнай газының базалық бағасы сұйытылған мұнай газын теміржол цистерналарына және (немесе) автогаз тасушыларға құю объектілерінде белгіленеді.

      36-1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушының сұрауы бойынша қосымша сауда сессияларын мына жағдайларда өткізеді:

      1) газ желісі ұйымының немесе сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты сатушыда Қазақстан Республикасының ішкі нарығында электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;

      2) сатып алушының электрондық сауда алаңы арқылы сатып алған сұйытылған мұнай газына төлем жасаудан бас тартуына байланысты сатушыда электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген көлемдері пайда болған жағдайда;

      3) сатушыда негізгі сауда сессияларында қойылған, бірақ электрондық сауда алаңдары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті сұйытылған мұнай газының өткізілмеген көлемі болған жағдайда;

      4) сатушы өнім беру жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газының көлемін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге қоюға ниет білдірген жағдайда.

      36-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген жағдайларда өнім беру жоспары қалыптастырылған айдың 10 (оныншы) күнінен бастап қатарынан 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұйытылған мұнай газының барлық сатушылары үшін бірыңғай қосымша 3 (үш) сауда сессиясы өткізіледі, оларға әрбір сатушы бірінші қосымша сауда сессиясынан бастап өзінің өнім беру жоспарын орындауы үшін қажетті сұйытылған мұнай газының барлық көлемін шығарады. Бұл ретте жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы айқындалады, ал әрбір қосымша сауда сессиясына базалық баға осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген тәртіппен белгіленеді.";

      36-4-тармақ алып тасталсын;

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Сауда-саттық нәтижелері тараптарды және жасалған мәмілелердің көлемдерін көрсете отырып, сауда күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей сауда-саттықты ұйымдастырушының меншікті интернет-ресурсында жарияланады және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жүктеледі.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық сауда алаңының бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылады:

      1) электрондық сауда алаңы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялануы тиіс және Оқиғалар журналында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ электрондық сауда алаңының уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мәмілелердің паспорттарын осы жүйеге күнделікті жіберіп отыруы тиіс;

      2) электрондық сауда алаңы мәмiлелердi жасау процесiн автоматтандыруды, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жария етудi қамтамасыз етедi;

      3) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуын болдырмау және деректер базасының бүтіндігі бұзылмауы үшін электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы пайдаланушыға іс-әрекеттер реті көрсетілген хабарлама бере отырып, пайдаланушының қателерін, техникалық ақаулар кезінде туындайтын қателерді және деректер базасының қателерін өңдеу қамтамасыз етілетіндей құрылады;

      4) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралында бағдарламалар жұмысын қадағалайтын модуль болады, ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:

      пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), аутентификациялау (шынайылығын растау) және авторизациялау (өкілеттіктер беру);

      электрондық сауда алаңының ресурстарына қолжетімділікті бақылау; электрондық сауда алаңында болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау;

      электрондық сауда алаңы ресурстарының бүтіндігін бақылау;

      5) электрондық сауда алаңының бағдарламалық құралы сауда-саттық нәтижесі бойынша қалыптастырылған шығыс деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді;

      6) электрондық сауда алаңы оқиғалар журналындағы орындалып жатқан операцияларға автоматты түрде берілетін бірегей нөмердің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      7) электрондық сауда алаңы өткізілген электрондық сауда-саттық бойынша есеп деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      8) электрондық сауда алаңы уәкілетті органға:

      сауда-саттық барысын, өтінімдерді ұсынуды және мәмілелер жасауды қадағалауды қамтамасыз ететін қарау терминалы арқылы нақты уақыт режимінде сауда-саттық мониторингіне;

      өндірушілер мен жеткізу өңірлері бөлінісінде бастапқы өңдеуден және жүйелендіруден өткен сауда-саттық нәтижелері бойынша (оның ішінде графикалық түрде) – сауда күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      9) электрондық сауда алаңы осы Қағидаларға сәйкес берілген сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін дереу орналастыруды қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Сауда
және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 6 декабря 2018 года № 481 "Об утверждении Правил организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 420. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2021 года № 26241. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 7 июня 2022 года № 202.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 07.06.2022 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 6 декабря 2018 года №481 "Об утверждении Правил организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17897) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 18-1) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О газе и газоснабжении" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18-1) статьи 6 Закона Республики "О газе и газоснабжении" (далее – Закон) и устанавливают порядок организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Управляющий комитет организатора торгов утверждает:

      1) график и периодичность проведения торговых дней и основных торговых сессий;

      2) торговые инструменты;

      3) размеры гарантийного обеспечения для участия в электронных торгах;

      4) максимальные размеры заявок на продажу и покупку;

      5) ежемесячно максимальное значение базовой цены сжиженного нефтяного газа.

      Информация, указанная в подпунктах 1) – 5) настоящего пункта, публикуется на официальных интернет-ресурсах организаторов торгов в течение 3 (трех) рабочих дней с даты ее утверждения управляющим комитетом организатора торгов.";

      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:

      "24-1. Продавцы ежемесячно, в срок не позднее, чем за 3 (три) рабочих дня до начала торговых сессий уведомляют организатора торгов об объеме сжиженного нефтяного газа, который они планируют выставить на реализацию через соответствующую электронную торговую площадку в текущем месяце.

      Сведенная информация о планируемых объемах реализации через соответствующую электронную торговую площадку в текущем месяце размещается организатором торгов на его официальном интернет-ресурсе в срок не позднее 2 (двух) рабочих дней до начала торговых сессий.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Организатор торгов в течение 5 (пяти) рабочих дней, начиная с 20 (двадцатого) числа месяца, предшествующего планируемому, проводит 5 (пять) основных торговых сессий, на каждой из которых продавцы выставляют по 20 (двадцать) процентов от обязательного для реализации через электронные торговые площадки объема сжиженного нефтяного газа, с фактической отгрузкой в течение планируемого месяца.

      В случае отсутствия на дату, указанную в абзаце первом настоящего пункта, распределения производителем обязательного к поставке объема сжиженного нефтяного газа между собственниками сжиженного нефтяного газа, произведенного в процессе переработки принадлежащего им на праве собственности или иных законных основаниях углеводородного сырья, такие собственники на каждой из первых 4 (четырех) основных торговых сессий выставляют на торги по 20 (двадцать) процентов от объема сжиженного нефтяного газа, планируемого ими к распределению.

      Для лиц, указанных в абзаце втором настоящего пункта, 5 (пятая) основная торговая сессия проводится отдельно в 1 (первый) рабочий день, следующий за днем утверждения распределения сжиженного нефтяного газа между собственниками, при этом на торги выставляется весь объем сжиженного нефтяного газа, необходимый для исполнения такими лицами плана поставки.;"

      пункт 28 исключить;

      пункты 30 и 31 изложить в следующей редакции:

      "30. Если объем сжиженного нефтяного газа, обязательный для реализации соответствующим продавцом через электронные торговые площадки, составляет меньше 180 (ста восьмидесяти) тонн, то такой продавец выставляет на продажу более двадцати процентов от объема, начиная с первой торговой сессии.

      В случае, если на прошедших торговых сессиях выставлялся на реализацию, но не был реализован объем сжиженного нефтяного газа, такой объем дополнительно выставляется на последующих торговых сессиях.

      31. Минимальный размер партии (объҰм) сжиженного нефтяного газа, ежемесячно приобретаемый на электронной торговой площадке лицами, указанными в пункте 10 настоящих Правил, составляет 1 (один) лот.

      Размер лота по торговым инструментам, предусматривающим поставку сжиженного нефтяного газа железнодорожным транспортом, составляет 1 (один) вагон от 36 (тридцати шести) до 40 (сорока) тонн, автомобильным транспортом 5 (пять) тонн.";

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. Максимальный размер партии (объем) сжиженного нефтяного газа, ежемесячно приобретаемый на электронной торговой площадке покупателем, составляет не более 10 (десяти) процентов от объема сжиженного нефтяного газа, подлежащего реализации через электронные торговые площадки в соответствии с планом поставки на планируемый месяц, а по торговым инструментам базиса поставки, с которого не менее 80 (восьмидесяти) процентов объема сжиженного нефтяного газа вывозится автомобильным транспортом, не более 5 (пяти) процентов.

      Объем сжиженного нефтяного газа, указанный в части первой настоящего пункта, устанавливается организатором торгов для каждого покупателя с учетом фактических объемов приобретения им сжиженного нефтяного газа в течение текущего календарного месяца на всех электронных торговых площадках.

      Данные об объемах приобретения покупателями сжиженного нефтяного газа организатор торгов получает через информационную систему уполномоченного органа.

      34. Для участия в торгах сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки участники электронных торгов вносят денежное гарантийное обеспечение организатору торгов или на счет клиринговой организации, обслуживающей электронную торговую площадку.

      Размер гарантийного обеспечения для участия в электронных торгах устанавливается управляющим комитетом организатора торгов.

      Порядок внесения, удержания и возврата гарантийного обеспечения определяется организатором торгов или клиринговой организацией.";

      пункты 36, 36-1 и 36-2 изложить в следующей редакции:

      "36. Управляющий комитет организатора торгов устанавливает минимальный и максимальный уровень допустимого отклонения цены сжиженного нефтяного газа, формируемой в течение торговой сессии, от базовой цены, в пределах диапазона от 3 (трех) до 5 (пяти) процентов.

      При этом базовая цена торговой сессии устанавливается в следующем порядке:

      1) на первых электронных торгах по вновь утвержденному торговому инструменту на уровне средневзвешенной цены сжиженного нефтяного газа, сложившейся за последний торговый месяц по всем торговым инструментам соответствующего базиса поставки;

      2) если по итогам основной торговой сессии были заключены сделки по объемам сжиженного нефтяного газа не менее чем 75 (семьдесят пять) процентов подлежащего реализации в данную торговую сессию в соответствии с пунктом 30 настоящих Правил, на следующей основной торговой сессии базовая цена устанавливается на уровне средневзвешенной цены сжиженного нефтяного газа, сложившейся за такую торговую сессию;

      3) если по итогам основной торговой сессии были заключены сделки по объемам сжиженного нефтяного газа менее чем 75 (семьдесят пять) процентов, но более 25 (двадцати пяти) процентов, подлежащего реализации в данную торговую сессию в соответствии с пунктом 30 настоящих Правил, и при этом средневзвешенная цена сжиженного нефтяного газа сложилась на уровне или выше базовой цены данной торговой сессии, на следующей основной торговой сессии базовая цена не изменяется;

      4) если по итогам основной торговой сессии были заключены сделки по объемам сжиженного нефтяного газа менее чем 75 (семьдесят пять) процентов, но более 25 (двадцати пяти) процентов, подлежащего реализации в данную торговую сессию в соответствии с пунктом 30 настоящих Правил, и при этом средневзвешенная цена сжиженного нефтяного газа сложилась ниже базовой цены данной торговой сессии, то на следующей основной торговой сессии базовая цена устанавливается на уровне средневзвешенной цены сжиженного нефтяного газа, сложившейся за такую торговую сессию;

      5) если по итогам основной торговой сессии по торговому инструменту были заключены сделки по объемам сжиженного нефтяного газа менее 25 (двадцати пяти) процентов, подлежащего реализации в данную торговую сессию в соответствии с пунктом 30 настоящих Правил, либо сделки не заключались, на следующей основной торговой сессии базовая цена уменьшается на 5 (пять) процентов, но не ниже уровня текущей предельной цены сжиженного нефтяного газа, реализуемого в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне электронных торговых площадок, утвержденной уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 7) статьи 6 Закона;

      6) если по торговому инструменту не проводились сделки в течение 30 (тридцати) и более календарных дней, базовая цена устанавливается на уровне средневзвешенной цены сжиженного нефтяного газа, сложившейся за предыдущую торговую сессию по всем торговым инструментам организатора торгов с соответствующим базисом поставки.

      Базовая цена сжиженного нефтяного газа не превышает среднеарифметическое значение котировок цен на сжиженный нефтяной газ за предыдущий календарный месяц в странах-импортерах казахстанского сжиженного нефтяного газа, за вычетом среднеарифметического значения расходов на его перевозку в такие страны железнодорожным транспортом.

      Значение, указанное в абзаце девятом настоящего пункта, определяется на основании Перечня официально признанных источников информации о рыночных ценах, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2009 года № 292, и ежемесячно утверждается управляющим комитетом организатора торгов на основании рекомендаций уполномоченного органа.

      Базовая цена сжиженного нефтяного газа устанавливается на объектах по наливу сжиженного нефтяного газа в железнодорожные цистерны и (или) автогазовозы.

      36-1. Дополнительные торговые сессии проводятся организатором торгов по запросу продавца в следующих случаях:

      1) в случае возникновения у продавца неотгруженных объемов сжиженного нефтяного газа, обязательного для реализации на внутреннем рынке Республики Казахстан вне электронных торговых площадок, в связи с отказом газосетевой организации или промышленного потребителя, использующего сжиженный нефтяной газ в качестве сырья для производства нефтегазохимической продукции, от приобретения сжиженного нефтяного газа;

      2) в случае возникновения у продавца неотгруженных объемов сжиженного нефтяного газа, обязательного для реализации на внутреннем рынке Республики Казахстан через электронные торговые площадки, в связи с отказом покупателя от оплаты приобретенного через электронную торговую площадку сжиженного нефтяного газа;

      3) в случае наличия у продавца выставлявшихся на основных торговых сессиях, но не реализованных объемов сжиженного нефтяного газа, обязательного для реализации на внутреннем рынке Республики Казахстан через электронные торговые площадки;

      4) в случае намерения продавца выставить на реализацию через электронные торговые площадки объемы сжиженного нефтяного газа вне плана поставки.

      36-2. В случаях, указанных в пункте 36-1 настоящих Правил, в течение 3 (трех) последовательных рабочих дней, начиная с 10 (десятого) числа месяца, на который сформирован план поставки, проводятся единые для всех продавцов сжиженного нефтяного газа 3 (три) дополнительные торговые сессии, на которые каждый продавец выставляет весь объем сжиженного нефтяного газа, необходимый для исполнения им плана поставки, начиная с первой дополнительной торговой сессии. При этом регионом поставки определяется территория Республики Казахстан, а базовая цена на каждую дополнительную торговую сессию устанавливается в порядке, предусмотренном пунктом 36 настоящих Правил.";

      пункт 36-4 исключить;

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Результаты торгов с указанием сторон и объемов заключенных сделок не позднее рабочего дня, следующего за торговым днем, публикуются на собственном интернет-ресурсе организатора торгов и загружаются в информационную систему уполномоченного органа.";

      пункт 3 приложения к указанным Правилам изложить в следующей редакции:

      "3. К программному обеспечению электронной торговой площадки предъявляются следующие требования:

      1) электронная торговая площадка должна быть интегрирована с информационной системой уполномоченного органа и ежедневно передавать в такую систему сведения, указанные в Журнале событий, а также Паспорта сделок, подписанные электронной цифровой подписью уполномоченным должностным лицом электронной торговой площадки;

      2) электронная торговая площадка обеспечивает автоматизацию процесса заключения сделок, а также сбора, хранения, обработки и раскрытия информации;

      3) во избежание полной или частичной потери информации и нарушения целостности баз данных, программное средство электронной торговой площадки строится таким образом, чтобы обеспечивалась обработка ошибок пользователя, ошибок, возникающих при технических сбоях, и ошибок базы данных с выдачей сообщений пользователю, в которых описаны последующие действия;

      4) в программном средстве электронной торговой площадки имеется модуль контроля за работой программ, обеспечивающий такие функции, как:

      идентификация (опознавание), аутентификация (подтверждение подлинности) и авторизация (присвоение полномочий) пользователя;

      контроль доступа к ресурсам электронной торговой площадки;

      регистрация и анализ событий, происходящих в электронной торговой площадке;

      контроль целостности ресурсов электронной торговой площадки;

      5) программное средство электронной торговой площадки не позволяет вносить изменения в выходные данные, сформированные по результатам торгов;

      6) электронная торговая площадка обеспечивает ведение уникального автоматически присваиваемого номера выполняемой операции в журнале событий;

      7) электронная торговая площадка обеспечивает строгое соответствие данных отчета по проведенным электронным торгам содержанию журнала событий;

      8) электронная торговая площадка обеспечивает удаленный доступ уполномоченному органу:

      мониторингу торгов в режиме реального времени посредством просмотрового терминала, обеспечивающего наблюдение за ходом торгов, выставлением заявок и совершением сделок;

      результатам торгов, прошедшим первичную обработку и систематизацию в разрезе производителей и регионов поставки (в том числе в графическом виде) – не позднее рабочего дня, следующего за торговым днем;

      9) электронная торговая площадка обеспечивает незамедлительное размещение заявок участников торгов, поданных в соответствии с настоящими Правилами.".

      2. Департаменту газа и нефтегазохимии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан