Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 109 |
Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
Р/с № | Квазимемлекеттік сектор субъектілері | Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге | Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары* |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы | 7 020 575 | 16 519 |
2 | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы | 2 219 775 | 5 223 |
*Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 425 теңге бағамы бойынша