Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтарда № 26450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 109

Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

Р/с № Квазимемлекеттік сектор субъектілері Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары*
1 2 3 4

1

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

7 020 575

16 519

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

2 219 775

5 223

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 425 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады