"Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021 жылы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 805 000 (сегіз жүз бес мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |