Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 28/3-VII шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 1317 болып тіркелді

      "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2021 жылы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 805 000 (сегіз жүз бес мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Табулдина
     
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады