Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күніне Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 29/3-VII шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 1318 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың құрбандарын еске алу күніне (2021 жылғы 26 сәуір) орай Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген адамдарға 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Табулдина
     
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Нур-Султан ко Дню памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции

Решение маслихата города Нур-Султана от 31 марта 2021 года № 29/3-VII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Нур-Султана 9 апреля 2021 года № 1318

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 3) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", маслихат города Нур-Султана РЕШИЛ:

      1. Оказать дополнительную социальную помощь ко Дню памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции (26 апреля 2021 года), зарегистрированным и постоянно проживающим в городе Нур-Султане, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, а также лицам указанным в статье 8 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", из числа лиц, принимавших участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции, в размере 75 000 (семьдесят пять тысяч) тенге.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
города Нур-Султана
А. Табулдина
      Секретарь маслихата
города Нур-Султана
Е. Каналимов