Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың құрбандарын еске алу күніне (2021 жылғы 26 сәуір) орай Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген адамдарға 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |