Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 07-2059 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1196 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |