Қазақстан Республикасы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7787 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
"Бурабай ауданы" бөлімі келесі мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолымен толықтырылсын:
"
1-1. | тұрақты үй-жай | Щучинск қаласы, Сарыжайлау көшесі, 8 "а" |
". |
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |