"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы бойынша 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекiтілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № А-3/114 қаулысына қосымша |
Ақмола облысы бойынша 2021 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Қалалық мектепке дейінгі ұйымдар бойынша айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру құны (теңгеде) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | болу режимі 9 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету үлгісіндегі топта | жарты күн болатын топта |
38023 теңге | 35166 теңге | 56282 теңге | 67275 теңге | 16384 теңге |
Ауылдық мектепке дейінгі ұйымдар бойынша айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру құны (теңгеде) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | болу режимі 9 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету үлгісіндегі топта | жарты күн болатын топта |
41549 теңге | 38300 теңге | 62159 теңге | 74621 теңге | 17951 теңге |
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңгеде) | ||||
3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін | жарты күн болатын топта | ||
12450,23 теңге | 15529,32 теңге | 7764,66 теңге |