"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген);
"Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 шілдедегі № А-8/359 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7317 болып тіркелген).
2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |