"Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № А-8/359 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 тамызда № 7317 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № А-9/466 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.09.2021 № А-9/466 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабындағы 17-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары";

      1-қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымшада:

      2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мұратұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ.Ыдырысов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ А-8/359 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысында
коммуналдық
қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар

1 келіп кету

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады