"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 4 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Салдарын жою үшін Степногорск қаласының Бестөбе кенті мен Изобильное ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатов тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н. З. Мұқатовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі | Е.Баяхметов |