Степногорск қаласының Бестөбе кенті мен Изобильное ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23775 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 4 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Салдарын жою үшін Степногорск қаласының Бестөбе кенті мен Изобильное ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н. З. Мұқатовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Е.Баяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады