Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22934 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 қазандағы № 8С 21/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 8С 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Н.Рахимов
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Комбатуров


  Атбасар ауданының мәслихаттың
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ 7С 4/9 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.05.2022 № 7С 19/20 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 23.08.2023 № 8С 7/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атбасар ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 9 (тоғыз) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 23.08.2023 № 8С 7/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган мен жергiлiктi өкiлдi органмен белгiлеген жалға алынған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына" сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығындар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Атбасарском районе

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 28 мая 2021 года № 7С 4/9. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июня 2021 года № 22934. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 21 октября 2024 года № 8С 21/3

      Сноска. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 21.10.2024 № 8С 21/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Атбасарском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Атбасарского районного
маслихата
Н.Рахимов
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
Б.Комбатуров


  Приложение к решению
Атбасарского районного
маслихата от 28 мая
2021 года № 7С 4/9

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Атбасарском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 27.05.2022 № 7С 19/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 23.08.2023 № 8С 7/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)..

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 9 (девяти) процентов.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Атбасарского района" (далее – уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20498).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 23.08.2023 № 8С 7/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально-защищаемым гражданам производится в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "электронного правительства", согласно Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума, содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год, малообеспеченным семьям (гражданам).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.