"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Атбасар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6278 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | Н.Рахимов |