Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 8367 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 8С-19/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 8С-19/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
О.Нагайко
      Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы
Ш.Кусаинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімдігі


  Бұланды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 16 ақпандағы
№ 7С-7/1 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Бұланды ауданында тұратындарға беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 10.08.2023 № 8С-7/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 10.08.2023 № 8С-7/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгіленген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде алынады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы 30 (отыз) шаршы метр алынады.

      6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 10.08.2023 № 8С-7/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 8С-10/16 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.

      9. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      10. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Буландынском районе

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 16 февраля 2021 года № 7С-7/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 февраля 2021 года № 8367. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 22 мая 2024 года № 8С-19/15

      Сноска. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 22.05.2024 № 8С-19/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Буландынском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Буландынского районного
маслихата
О.Нагайко
      секретарь Буландынского
районного маслихата
Ш.Кусаинов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акимат Буландынского района


  Приложение к решению
Буландынского районного
маслихата от 16 февраля
2021 года № 7С-7/1

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Буландынском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Буландынском районе.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Буландынского района" (далее – уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 10.08.2023 № 8С-7/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Доля предельно допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде устанавливается в размере 10 (десяти) процентов к совокупному доходу семьи (гражданина).

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 10.08.2023 № 8С-7/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 30 (тридцать) квадратных метров.

      6. Установить норму расхода электрической энергии 75 (семьдесят пять) киловатт на одного человека в месяц.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 10.08.2023 № 8С-7/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 16.11.2023 № 8С-10/16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      8. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и/или посредством веб - портала "электронного правительства" согласно Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      9. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал, за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем).

      10. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества, в том числе капитальный ремонт объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      11. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      12. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

      При предоставлении в уполномоченный орган заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, малообеспеченная семья (гражданин) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.