Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 "Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 8С-7/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызда № 8608-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 8С-19/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 8С-19/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің косымшасында:

      3 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.";

      4 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.";

      6 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы Н.Сексенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады