Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 6С-21/3-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Е.Биекенов |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Абжиков |