Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.С. Баймұқановқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі | Д.Есжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
"28" сәуір 2021 жыл
Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы "28" сәуірдегі № 2 шешіміне қосымша |
Біржан сал ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Біржан сал ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген);
2. Біржан сал ауданы әкімінің "Біржан сал ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 28 ақпандағы № 3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7719 тіркелген);
3. Біржан сал ауданы әкімінің "Біржан сал ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8162 тіркелген).