Біржан сал ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 7719 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 28.04.2021 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және "Ақмола облысы Біржан сал ауданы Дон ауылдық округінің Невское ауылын қайта атау туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/546 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7000 болып тіркелген) негізінде Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6883 тіркелген, 2018 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 252 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 252 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мақпал ауылы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Мақпал негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарағайлы көшесі, 19 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мақпал ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 256 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 256 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Тасшалқар ауылы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Невский орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Біржан сал көшесі, 7 а құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Тасшалқар ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 261 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 261 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Жөкей ауылы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Жөкей бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Лесная көшесі, 5 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Жөкей ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 267 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 267 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Біржан сал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты, Әбсәләм қажы көшесі, 34 құрылыс.

      Шекаралары: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, С. Мұстафин көшесі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 28, 29, 30, 31, 32, 38, 39, 40, 41, 42, 46, 47, 48, 49, 56, 57, 58, 59, 61, 62, 64, 65, 66, 68, Пригорхоз ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 268 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 268 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Уәлихан ауылы, Біржан сал ауданының "Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ленин көшесі, 2 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Уәлихан ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 269 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 269 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Ақсу ауылы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Совет негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Желтоқсан көшесі, 7 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Ақсу ауылы.";

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 270 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 270 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылы, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Еңбекшілдер орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Орталық көшесі, 24 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылы, Ақбұлақ ауылы, Ақтас ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Е.Нугманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Біржан сал ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады