Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Біржан сал ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 22 наурыздағы № а-3/124 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6537 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі | Д.Есжанов |