Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 21-176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6501 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С.Прокопьева |
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы |
К.Аугалиев |