Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес Троицк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Троицк ауылдық округі әкімінің "Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 2 қазанда № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7408 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Троицк ауылдық округінің әкімі | Т.Карабалин |