Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің 11.03.2021 № 02 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 361 ұсынысы негізінде, Троицк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Қошқарбай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Троицк ауылдық округінің әкімі | Т.Қарабалин |