Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, Қорғалжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын ауылының көшелері қайта аталсын:
Гагарин көшесі Қазыбек би көшесіне;
Поселок cтроителей көшесі Байдалы би көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ауылдық округ әкімі | Б.Байкадамов |