Қорғалжын ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 8454 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, Қорғалжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауылының көшелері қайта аталсын:

      Гагарин көшесі Қазыбек би көшесіне;

      Поселок cтроителей көшесі Байдалы би көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ауылдық округ әкімі Б.Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады