Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 21.07.2022 № А-7/212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қосшы ауылдық округі, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Оразақ ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7607 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 5 қаңтарда жарияланған) Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № А-3/619 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында, 1-тармағында және 4-қосымшасындағы "Қоянды ауылдық округі" сөздері "Қоянды ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.С. Жантеміровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | Б.Оспанбеков |