Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішінің және облыстық жер комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 8-2 хаттамасының негізінде Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Ақтөбе облысының Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандарында жалпы көлемі 17,4906 гектар жер учаскелеріне "Кеңқияқ-Атырау" магистральды мұнай құбырын пайдалану үшін 49 жыл мерзімге меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандарының әкімдеріне осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 161 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер учаскелерінің санаты | Меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың атауы | Жалпы көлемі, гектар | Ұзындығы, метр |
Темір ауданы | ||||
1. | Елді мекен жері |
Кеңқияқ ауылдық округі | 0,6561 | 6561 |
2. | Елді мекен жері |
Саркөл ауылдық округі | 0,6935 | 6935 |
Темір ауданы бойынша жиыны: | 1,3496 | 13496 | ||
Мұғалжар ауданы | ||||
3. | Босалқы жерлер | Босалқы жерлер | 1,3162 | 13162 |
4. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Арман-Ш" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,4178 | 4178 |
Мұғалжар ауданы бойынша жиыны: | 1,7340 | 17340 | ||
Байғанин ауданы | ||||
5. | Босалқы жерлер | Босалқы жерлер | 7,9822 | 79822 |
6. | Елді мекен жерлері |
Қопа ауылдық округі | 0,3008 | 3008 |
7. | Елді мекен жерлері |
Сарытоғай ауылдық округі | 1,1369 | 11369 |
8. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
Азамат А. Н. Кадыркуловтың жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,7282 | 7282 |
9. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Кемерши" өндірістік кооперативінің жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,3402 | 3402 |
10. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Қайырбай" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,5890 | 5890 |
11. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Тоқтар" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,6019 | 6019 |
12. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Адам" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,2845 | 2845 |
13. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
Азамат М. Т. Жағастың жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,5676 | 5676 |
14. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Ебейті" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,3458 | 3458 |
15. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Санат" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,2638 | 2638 |
16. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
"Нурсултан" шаруа қожалығының жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,8103 | 8103 |
17. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
Азамат К. Т. Тукешовтің жерлері кадастрлық нөмірі: | 0,4558 | 4558 |
Байғанин ауданы бойынша жиыны: | 14,4070 | 144070 | ||
Барлығы: | 17,4906 | 174906 |