Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 251 қаулысына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) күндізгі оқыту | |
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | басқа жоғары білім беру ұйымдарында | ||||
1 | Бакалавр 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 10 | 1 010 900 | 901 000 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 4 | 1 010 900 | 901 000 | ||
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 21 | 1 010 900 | 901 000 | ||
2 | Бакалавр 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021 Өнер | 5 | 1 049 300 | 922 500 |
6B022 Гуманитарлық ғылымдар | 3 | 1 049 300 | 922 500 | ||
3 | Бакалавр 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар | 6B081 Агрономия | 2 | 826 900 | 742 700 |
6B082 Мал шаруашылығы | 4 | 826 900 | 742 700 | ||
6B084 Балық шаруашылығы | 1 | 826 900 | 742 700 | ||
6В085 Жерге орналастыру | 1 | 826 900 | 742 700 | ||
4 | Резидентура 7R09 Денсаулық сақтау (медицина) | Инфекциялық аурулар ересектердің | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 |
Анестезиология және реаниматология ересектердің | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Педиатрия | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Терапия | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Радиология | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Балалар хирургиясы | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Эндокринология ересектердің | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Оториноларингология ересектердің | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Офтальмология ересектердің | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Травматология-ортопедия, балалардың | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Кардиология ересектердің | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Онкология ересектердің | 3 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Неврология, балалардың | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Неонатология | 2 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Онкология және гематология балалардың | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Акушерия және гинекология ересектердің | 1 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Сот-медициналық сараптама | 4 | 1 939 900 | 1 389 900 | ||
Барлығы: | 80 | - | - |