Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Мәртөк ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТI:
1. Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округі Жаңатаң ауылының бағыныстылығы өзгертіліп, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.
2. Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округінің әкімшілік шекаралары оның әкімшілік шекараларынан жалпы ауданы 2700 гектар Жаңатаң ауылының жерін алып тастау жолымен өзгертіліп, Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округінің әкімшілік шекаралары жалпы ауданы 53999 гектар болып белгіленсін.
3. Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округінің әкімшілік шекаралары оның әкімшілік шекараларына жалпы ауданы 2700 гектар Жаңатаң ауылының жерін енгiзу жолымен өзгертіліп, Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округінің әкімшілік шекаралары жалпы ауданы 26495 гектар болып белгіленсін.
4. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |