Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 415 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 106 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 26455 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Ақтөбе қаласының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе қаласының атауы жоқ шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарына келесідей атаулар берілсін:

      Ақтөбе қаласының "Астана" ауданы бойынша:

      Атауы жоқ шағын ауданын – "Ұлы Дала" шағын ауданына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Самал" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жаңақоныс-2" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Таңшолпан" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Қанағат" тұрғын үй алабына;

      Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      Атауы жоқ шағын ауданын – "Есет батыр" шағын ауданына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Көктем" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Балауса" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жібек жолы" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жарық" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Саяжай" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Ақшат-2" тұрғын үй алабына;

      Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Ақжар-2" тұрғын үй алабына.

      2. Ақтөбе қаласының атауы жоқ көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      Ақтөбе қаласының "Астана" ауданы бойынша:

      Атауы жоқ көшеге – "Желтоқсан батырлары";

      Атауы жоқ көшеге – "Ақойман";

      Атауы жоқ көшеге – "Айнакөл";

      Атауы жоқ көшеге – "Қорғанжар";

      Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      Атауы жоқ көшеге – "Аягөз".

      3. Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша көшелер келесідей қайта аталсын:

      "Интернациональный" көшесі – "Сегіз сері" көшесіне;

      "Центральный" көшесі – "Мұхаммед-Салық Бабажанов" көшесіне;

      "Набережный" көшесі – "Мұрат Мөңкеұлы" көшесіне;

      "Набережный" көшесі – "Жаяу Мұса" көшесіне;

      "Мир" көшесі – "Қабылиса жырау" көшесіне.

      4. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облысы мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облысы мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

О присвоении наименовании и переименований некоторых составных частей города Актобе

Постановление акимата Актюбинской области от 24 декабря 2021 года № 415 и решение маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2021 года № 106. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2022 года № 26455

      В соответствии со статьями 6 и 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения города Актобе и на основании заключения Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 23 апреля 2021 года, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Присвоить наименования следующим безымянным микрорайонам и жилым массивам города Актобе:

      по району "Астана" города Актобе:

      Микрорайон без наименования – на микрорайон "Ұлы Дала";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Самал";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Жаңақоныс-2";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Таңшолпан";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Қанағат";

      по району "Алматы" города Актобе:

      Микрорайон без наименования – на микрорайон "Есет батыр";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Көктем";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Балауса";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Жібек жолы";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Жарық";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Саяжай";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Ақшат-2";

      Жилой массив без наименования – на жилой массив "Ақжар-2".

      2. Присвоить наименования следующим безымянным улицам города Актобе:

      по району "Астана" города Актобе:

      Безымянной улице – "Желтоқсан батырлары";

      Безымянной улице – "Ақойман";

      Безымянной улице – "Айнакөл";

      Безымянной улице – "Қорғанжар";

      по району "Алматы" города Актобе:

      Безымянной улице – "Аягөз".

      3. Переименовать следующие улицы района "Алматы" города Актобе:

      улицу "Интернациональная" – на улицу "Сегіз сері";

      улицу "Центральная" – на улицу "Мұхаммед-Салық Бабажанов";

      улицу "Набережная" – на улицу "Мұрат Мөңкеұлы";

      улицу "Набережная" – на улицу "Жаяу Мұса";

      улицу "Мира" – на улицу "Қабылиса жырау".

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Актюбинской области и решения маслихата Актюбинской области возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      5. Настоящее совместное постановление акимата Актюбинской области и решение маслихата Актюбинской области вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин
      Секретарь областного маслихата А. Нугманов