Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Ақтөбе қаласының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қаласының атауы жоқ шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарына келесідей атаулар берілсін:
Ақтөбе қаласының "Астана" ауданы бойынша:
Атауы жоқ шағын ауданын – "Ұлы Дала" шағын ауданына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Самал" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жаңақоныс-2" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Таңшолпан" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Қанағат" тұрғын үй алабына;
Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
Атауы жоқ шағын ауданын – "Есет батыр" шағын ауданына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Көктем" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Балауса" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жібек жолы" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Жарық" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Саяжай" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Ақшат-2" тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын – "Ақжар-2" тұрғын үй алабына.
2. Ақтөбе қаласының атауы жоқ көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
Ақтөбе қаласының "Астана" ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге – "Желтоқсан батырлары";
Атауы жоқ көшеге – "Ақойман";
Атауы жоқ көшеге – "Айнакөл";
Атауы жоқ көшеге – "Қорғанжар";
Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге – "Аягөз".
3. Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы бойынша көшелер келесідей қайта аталсын:
"Интернациональный" көшесі – "Сегіз сері" көшесіне;
"Центральный" көшесі – "Мұхаммед-Салық Бабажанов" көшесіне;
"Набережный" көшесі – "Мұрат Мөңкеұлы" көшесіне;
"Набережный" көшесі – "Жаяу Мұса" көшесіне;
"Мир" көшесі – "Қабылиса жырау" көшесіне.
4. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облысы мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облысы мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |