Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қыркүйекте № 24355 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 1806 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 154 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 03.04.2024 № 1806 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.04.2024 № 154 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;

      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:

      бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      мүгедектігі бар балалар.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 05.05.2023 № 760 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.05.2023 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 05.05.2023 № 760 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 05.05.2023 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.

      4. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Уристемова) қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      5. "Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Кусмухамбетов) жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.

      6. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Тұрмағамбетова) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалынан жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.

      7. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жариялағаннан кейін осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімін Ақтөбе қаласы әкімдігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      8. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына (Қ.Қасымов) жүктелсін.

      9. Осы бірлескен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
А. Даржанова

Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 1 сентября 2021 года № 4595 и решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 31 августа 2021 года № 78. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 сентября 2021 года № 24355. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 3 апреля 2024 года № 1806 и решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 3 апреля 2024 года № 154

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актобе Актюбинской области от 03.04.2024 № 1806 и решением маслихата города Актобе Актюбинской области от 03.04.2024 № 154 (вводится в действие со дня их первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", статьями 6 и 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Установить бесплатный проезд на регулярном городском общественном транспорте всех форм собственности (кроме такси) следующим отдельным категориям граждан города Актобе:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      3) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      4) лицам, удостоенным звания "Қазақстанның Еңбек Ері";

      5) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      6) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      7) получателям государственного социального пособия по инвалидности:

      лица с инвалидностью первой, второй групп;

      дети с инвалидностью.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата города Актобе Актюбинской области от 05.05.2023 № 760 и решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 05.05.2023 № 23 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Установить льготный проезд в размере 50% от стоимости тарифа на регулярном городском общественном транспорте всех форм собственности (кроме такси) следующим отдельным категориям граждан города Актобе:

      1) пенсионерам по возрасту;

      2) лицам с инвалидностью третьей группы.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции постановления акимата города Актобе Актюбинской области от 05.05.2023 № 760 и решения маслихата города Актобе Актюбинской области от 05.05.2023 № 23 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Определить источником финансирования городской бюджет.

      4. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов города Актобе" (А.Уристемова) обеспечить финансирование в пределах средств, предусмотренных в бюджете города.

      5. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Актобе" (Ж.Кусмухамбетов) обеспечить изготовление льготных проездных карт.

      6. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Актобе" (М.Турмагамбетова) обеспечить получение списков граждан вышеуказанных категорий от филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан по Актюбинской области".

      7. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Актобе" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного постановления акимата города Актобе и решения маслихата города Актобе в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного постановления акимата города Актобе и решения маслихата города Актобе на интернет-ресурсе акимата города Актобе и маслихата города Актобе, после их официального опубликования.

      8. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата города Актобе и решения маслихата города Актобе возложить на заместителя акима города Актобе (К.Касымов).

      9. Настоящее совместное постановление акимата города Актобе и решение маслихата города Актобе вводится в действие со дня их первого официального опубликования.

      Аким города Актобе А. Шахаров
      Секретарь маслихата
города Актобе
А. Даржанова