Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 03.04.2024 № 1806 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.04.2024 № 154 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы" Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24355 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалар.".
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.".
2. Осы Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | М. Журебеков |
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |