Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 02-09-04/197 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Көкбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 14 қазандағы № 193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24794 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі |
Ж. Абитов |