Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 10 қарашадағы № 104 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 болып тіркелген);
2) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 104 "Ырғыз ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6621 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
Н. Қызбергенов |