Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 101 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26385 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 10 қарашадағы № 104 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 болып тіркелген);

      2) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 104 "Ырғыз ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6621 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
Н. Қызбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады