"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 2-18/192 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Қарасай ауылындағы "Олжас" шаруа қожалығы және "Төлебай" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 3 "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22997 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Құмтоғай ауылдық округінің әкімі |
Н. Жұбаназаров |