Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 20 қарашадағы № 112 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5720 болып тіркелген);
2) Қобда аудандық мәслихатының "2017 жылғы 20 қарашадағы №112 "Қобда ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 323 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |